РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 июня 2019 | 18:09

Митинг кезінде көлік қағып кеткен полицей оқиға жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда митинг болған күні көлік қағып кеткен полицей оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда митинг болған күні көлік қағып кеткен полицей оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция аға лейтенанты, 35 жастағы Нұрбол Бекназаровтың құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүргеніне 9 жыл болған. Ол қазіргі таңда екі ұл, бір қыздың әкесі. 

Полицейдің айтуынша, сайлау күндері күшейтілген режимде жұмыс істеген. "Өздеріңізге белгілі, наразылық білдіріп шыққандар қоғам тыныштығын бұзды. Маусымның 7-сінен бастап көшеде күні-түні сапта тұрдық. Өз міндетімді атқарамын деп денсаулығыма қатты зиян келді. Оқиға Алматыда "Сайран" автовокзалының маңайында болды", - дейді ол.

Қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын жүргізіп жатқан кездерінде көшедегі жиналған адамдарға қарай Toyota Camry автокөлігі жылдамдықпен беттегенін байқапты. "Жанымда әріптестерім де болған. Барлығымыз жабылып, көлікті тоқтатуға тырыстық. Дегенмен сол жылдамдықпен келе жатқан көлік мені қағып өтті. Сосын мен қағып кеткен көліктің нөмірін байқап қалдым. Ертесі күні оның жүргізушісі табылды", - дейді Бекназаров.

Айтуынша, осы соққының салдарынан аяғына зиян келіп, жүре алмай қалған. Тәртіп сақшысы қазір ауруханада, дәрігерлер оны ота жасауға дайындап жатыр. Дәрігерлер отадан кейін кем дегенде 1,5 ай қызметке кірісе алмайтынын айтыпты.

"Мен денсаулығыма зиян келсе де, өзімнің міндетімді атқардым деп ойлаймын. Жалпы, әрбір полицей қоғамдық тәртіпті сақтауда өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауға тиіс", - дейді полиция аға лейтенанты Нұрбол Бекназаров.

Хронологию митингов составили в полиции Алматы

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 11 маусымға қараған түні болған митингілер кезінде полицейді көлік қағып кеткені хабарланған еді. Оқиға Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында - "Сайран" автовокзалына қарама-қарсы тұста болған. Кейін полициядағылар Toyota Camry жүргізушісінің ұсталғанын мәлімдеген. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети