РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 ноября 2020 | 13:53

Министрлік ЖОО студенттерін алаңдамауға шақырды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: egov.kz Фото: egov.kz

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов отандық университеттердегі білім сапасын көтеру қалай жүзеге асатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов отандық университеттердегі білім сапасын көтеру қалай жүзеге асатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда 120 жоғары оқу орны бар.

"Оның 56-сы мемлекеттік, 72-сі жекеменшік. Жоғары білім беру сапасын арттыру мақсатында университтердің басқару формасына басымдық бермейміз. Осыған байланысты жоғары оқу орындарының академиядық дербестігі кеңейіп жатыр. 2018 жылы университеттердің академиялық және басқару дербестігін арттыратын заң жобасы қабылданды", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Мирас Дәуленовтің пікірінше, заң жобасы білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

"Заңды қабылданған соң жоғары оқу орындарындағы академиялық дербестік 85 пайызға дейін кеңейтілді. Білім және ғылым министрлігінің білім беру бағдарламасының реестрінде жоғары оқу орындары 9 999 білім беру бағдарламасын тіркеді. Заң жобасын қабылдау арқылы заңға тәуелді актілер деңгейінде жүйелі өзгерістер енгізілді. Осылайша, жоғары оқу орындары білім беру сапасына өздері жауап беруі үшін олардың академиялық дербестігі кеңейді", - дейді вице-министр.

Сонымен қатар, ол 2021 жылдан бастап, университтер өз үлгісінде диплом бере бастайтынын атап өтті. Дәуленов бұл жағдай жоғары оқу орындары беретін білімнің сапасына жауап беруге ықпал ететін жеткізді.

"Білім беру гранты конкурсына қатысатын жоғары оқу орындарға қойылатын талапты күшейттік. Бізде грантты беру мәселесі республикалық комиссияда қаралады. Биыл білім беру гранты конкурсына 36 жоғары оқу орны қатыса алған жоқ. Негізгі себеп - сенімсіз деректерді ұсыну, білім сапасының төмендігі, жұмысқа орналасудың төмендігі. Осылайша, 53 мың білім беру грантын ҰБТ-ға қатысқандар алды", - дейді министрдің орынбасары.

Мирас Дәуленов биыл еліміздегі оқытушылардың жалақысы өскенін айтты.

"Білім беру грантының бағасы өсті. Осыған байланысты білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқытушылардың жалақысын арттыруға тапсырма берді. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың жалақысы 160 мың теңгеден 210 мың теңгеге дейін көтерілді. Ал ұлттық университтерде жалақы 283 мың теңгеге дейін өсті. Біздің ойымызша, бұл білім беру сапасына әсерін тигізеді", - дейді ол.

Сонымен қатар, вице-министр Президенттің тапсырмасы бойынша сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілгенін жеткізді.

"Жыл басынан бері 26 университтерге тексеріс жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы 5 жоғары оқу орнын тексереміз. Осылайша, біз жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасы сапасының төмендігі, оқытушыларға және білім алушыларды оқуға қабылдау, ауыстыруға қатысты мәселе барын анықтадық. Биыл 5 жоғары оқу орны жабылды. Білім және ғылым министрлігі 2 университетті лицензиясынан айыру туралы қаулы шығарды", - дейді Мирас Дәуленов.

Осыған байланысты ол студенттерді алаңдамауға шақырды.

"Жабылған және лицензиясынан айырылған университеттердің студенттерін алаңдамауға шақырамын. Бұл жағдайда студенттер семестрдің аяқталғанын күтпей-ақ, басқа университеттерге ауысуға құқы бар", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети