РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 марта 2020 | 19:47

Министр үш айда қанша қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда наурыз, сәуір, мамыр айларын есепке алғанда, 3,5 мың адам коронавирус індетімен ауыруы мүмкін. Мұндай болжамды ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ алаңындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда наурыз, сәуір, мамыр айларын есепке алғанда, 3,5 мың адам коронавирус індетімен ауыруы мүмкін. Мұндай болжамды ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ алаңындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 ай мерзімді, наурыз, сәуір, мамырды алып қарасақ, біз инфекция жұқтырғандардың саны 3,5 мың адамнан аспайды деп үміттенеміз. Бұл - болжам ғана. Мұндай болжамның маңызы зор. Яғни, қосымша төсек орын дайындаймыз. Бізде инфекциялықтарға орын бар, қосымша орын бар. Дәрігерлерді, дәрілерді, аппараттарды дайындап жатырмыз. Сондықтан 3 айда инфекцияның белсенді таралуы кезіне осындай болжам бар. Басты мақсат - науқастардың бірден жұқтыруының күрт өсіп кетпеуіне жол бермеу керек. Біз осы негізгі пикті сәуірдің басында өтеміз. Содан соң жұқтырғандардың санын кезең-кезеңмен азайту үшін карантин шараларын жалғастырамыз, - деді Біртанов.

30 наурыз сағат 18.50-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 302-ге жетті. 21 адам емделіп шықты, 1 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 8 адам ауыр жағдайда жатыр

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети