РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 июня 2020 | 12:55

Министр пандемия кезінде экономиканың қандай салалары дамитынын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: spb.agatefund.ru Фото: spb.agatefund.ru

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коронавирус пандемиясы кезінде елімізде экономиканың қандай салалары дамитынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коронавирус пандемиясы кезінде елімізде экономиканың қандай салалары дамитынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің пікірінше, коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шектеулері экономиканың құрылымына әсерін тигізеді. Осы орайда ол отандық экономиканың қандай салалары дамитынына тоқталды.

"Еліміздегі жағдайға тоқталайын. Қазіргі таңда экономиканың түрлі саласында өзгерістерді байқауға болады. Біздің ойымызша, ішкі туризм, онлайн сауда, көлік тасымалы, көлікпен тауар жеткізу, транзит, IT, қызмет көрсету: әсіресе білім беру, медицина салалаларының болашағы зор. Жалпы цифрландыру оның ішінде қашықтан жұмыс істеу, қашықтан қызмету көрсету әдісі жиі қолданылады. Экономиканың барлық саласында осындай әдіс енгізіледі", - деді Руслан Дәленов онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ауыл шаруашылығы саласының да мүмкіндігі зор екенін айтты.

"Агроөнеркәсіп кешенінің де болашағы зор. Бұл - азық-түлік өнімдерін өндіру саласы. Мұнда көптеген адамды жұмыспен қамтуға болады", - деді ол.

Сонымен қатар, Руслан Дәленов шикізатқа сұраныс азайып келе жатқанын атап өтті.

"Экономика өсімінің негізгі драйвері саналатын мұнай, металл өнімдерінің үлесі азаяды. Себебі, қазіргі жағдайда шикізат нарығында сұраныс түбегейлі өзгеріп жатыр", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети