РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 января 2020 | 13:02

Министр кімдерге АӘК беру тоқтатылатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұяда еңбекке жарамды азаматтар болса, олар жұмысқа тартылады. Жұмыстан бас тартқан жағдайда АӘК бүкіл отбасыға тоқтатылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұяда еңбекке жарамды азаматтар болса, олар жұмысқа тартылады. Жұмыстан бас тартқан жағдайда АӘК бүкіл отбасыға тоқтатылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр отбасындағы еңбекке жарамды азаматтарға кез келген жұмыс ұсынылмайтынын айтады.

"Егер де сол АӘК алатын жанұяда еңбекке жарамды азаматтар болса, біз оларды жұмысқа тартамыз. Бірақ ол ұсынылып отырған жұмыстан бас тартатын болса, өкінішке қарай, АӘК бүкіл жанұяға тоқтатылады. Бұл жерде ескертіп, түсіндіретін жайт - оған кез келген жұмыс ұсынылмайды. Бізде "Жұмыспен қамту туралы" заң бойынша белгіленген және ол кісіге лайық жұмыс ұсынылады. Лайық дегеніміз оның мамандығы бойынша, оның қатынау жағынан қолжетімді болуы жағынан қарастырылатын жұмыс. Ондай жұмыс табылмаса, біз басқа шараларды ұсынамыз", - деді министр.

Ал, үйде баламен отырған аналарға, Нұрымбетовтің айтуынша, толық емес режимдегі жұмыстар ұсынылады.

"Мұндай шарттар кімдерге қойылмайды деген сұраққа келетін болсақ, мүгедек жандар, оқып жүрген еңбекке жарамды азаматтар, үш жасқа дейінгі бала күтімімен отырған немесе жанұядағы мүгедек жанға қарап отырғандарға немесе күтімді талап ететін қарттарға қарап отырғандарға мұндай талаптар қойылмайды", - деді Нүрымбетов брифинг барысында.

Сондай-ақ, министр еңбек бағдарламасында АӘК алатын отбасыларға көптеген жеңілдік қарастырылып жатқанын айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында Біржан Нұрымбетов енді атаулы әлеуметтік көмектің тоқсан сайын тағайындалатынын айтқан болатын. Министр тоқсан сайын отбасы табысы өзгеруі мүмкін екенін және сондықтан АӘК-ні тоқсан сайын ғана тағайындауды жөн көрдік деген еді.

АӘК алатындарға: Сыйақы түскенде көмектен айырылып қалмау үшін не істеу керек?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети