ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мая 2021 | 10:42
Министр Қазақстанның барлық ауылында қашан Интернет болатынын айтты
Министр Қазақстанның барлық ауылында қашан Интернет болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда мүлде Интернетсіз отырған ауылдардың саны мыңнан асады.
"1200 ауылды мекенде мүлде Интернет жоқ. Оларды толықтай Интернетпен қамту 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асады деп отырмыз. Сонымен қатар, 510 ауылда Интернет сапасы өте нашар. 2022 жылдың соңына дейін сапасы өте жоғары Интернетпен 500 ауылды қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бірақ ауыл халқының саны елуден аз ауылдарға Интернет беру мәселесі әлі талқыланып жатыр", - деді министр.
Мусиннің бұл мәлімдемесіне күмәнмен қараған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оған дейінгі министрлердің де уәде беріп, орындамай кеткенін айтты. Нығматулиннің есептеуі бойынша, Қазақстан ауылдарын толықтай Интернетпен қамту туралы уәде беріліп келе жатқанына 10 жылдай болған.
Показать комментарии
Читайте также