РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 июня 2020 | 12:12

Министр қазақстандықтардың талғамы қалай көтерілетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда тұлғаны тәрбиелеп, қоғамда биік талғам қалыптастыру үшін мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда тұлғаны тәрбиелеп, қоғамда биік талғам қалыптастыру үшін мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы бір үлкен бағыт - қоғамдық сананы рухани жаңғырту. Білесіздер, бұл туралы осыдан үш жыл бұрын ұзақмерзімді арнайы бағдарлама қабылданған. Осы уақыт ішінде біраз шаруа атқарылды. Аталмыш бағдарламаның аясында 13 арнайы жоба іске асырылып жатыр. Бағдарламаны іске асыру бойынша 2020 жылға арналған 97 тармақтан тұратын жоспар бар", - деді Балаева халыққа есеп беру кезінде.

Министрдің айтуынша, қоғамдық сананы жаңғырту үшін атқарылатын іс-шаралар тұлғалық даму, ұлттық ерекшелікті сақтау, мемлекет және азаматтық қоғамды дамыту сияқты үш бағытқа бөлінген.

"Ал енді ақпараттандыру жағын алсақ, ruh.kz порталы және осы бағдарламаға қатысты барлық мәселені талқылау үшін арнайы азаматтық алаң жұмыс істейді", - дейді министр.

Аида Балаева бұл бағытта кенже қалған мәселелер барын айтты. Олар бойынша жергілікті ресурстардың орталықтармен тығыз қарым-қатынаста екенін мәлімдеді.

"Біздің жағымыдан "Еңбек - елдің мұраты", "Құқықтық мәдениет", "Үнем - қоғам қуаты", "Дәстүр мен ғұрып" атты төрт арнайы жоба ұсынылып отыр. Бұл жобаның бәрінің концепциялары жасалып қойған. Олардың түпкі идеясы - тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда биік талғам қалыптастыру", - деді Балаева.

Еске салайық, бұған дейін Аида Балаева Қазақстанда "Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарналары іске қосылатынын айтқан еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети