РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 марта 2018 | 10:58

Министр қай өңірлерде ана мен бала өлімі өршіп тұрғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында ана мен бала өлімі өршіп тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы талқыланған үкімет сағатында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында ана мен бала өлімі өршіп тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы талқыланған үкімет сағатында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірқатар өңірде республикалық мәннен артық айтарлықтай көрсеткіштер байқалып отыр. ШҚО-да ана өлімі республикалық деңгейден 53 пайызға жоғары. Қостанай облысында нәресте өлімі республикалық деңгейден 31 пайызға жоғары. Ал Павлодар облысында қатерлі ісіктерден болатын өлім 56 пайызға жоғары", - деп келтірді министр мәліметтерді.

Осыдан кейін министр облыс әкімдеріне кейбір бағыттар бойынша жасалып отырған жұмыстарды күшейту қажеттілігін айтты. 

"Біріншіден, скринингтер мен профилактикалық тексеріп қарау. Екіншісі, жүкті әйелдерді уақытында есепке алу және бір жасқа дейінгі балаларды патронаж бойынша іс-шараларды 100 пайызға жеткізу қажет. "100 нақты қадам" ұлттық жоспарының 82-ші қадамына сәйкес, үшінші бағыт бойынша міндетті жаңа стандарт бойынша және медициналық жаңа технологиялық бекіту, енгізу болып табылатын сапа жөніндегі біріккен комиссия жұмысы жалғастырылуда", - деді ол.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру арқылы қолжетімділігі мен ыңғайлы болуын арттыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде, халықтың медициналық қызметпен қанағаттану деңгейі нысаналы индикаторы 46 пайызға дейін өсіпті. 

"Жалпы өлім, ана мен сәби өлімі бойынша көрсеткіштерде жақсару байқалып отыр. Алайда жоспарлы индикатор көрсеткішіне көптеген өңірде қол жеткізілмеді. Бұл республикалық мәнге әсер етті. Мысалы бірқатар өңірде мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштері 20 пайыздан астамына қол жеткізілмеген. Мысалы Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 20 пайызда астам көрсеткішке қол жеткізілмеген. Осыған байланысты биыл министрлік мемлекеттік бағдарламаны сапалы орындауға бағытталған бірқатар шараны қабылдауы қажет. Мемлекет басшысының жолдауын орындау шеңберінде бір ай мерзімде "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жаңартуымыз және мемлекеттік бағдарламаның өңірлік жоспарын қайта қарауымыз қажет", - деді Елжан Біртанов үкімет сағатында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети