Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаланы атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаланы атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын негізге ала отырып, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын барлық өңірдегі жұртшылықпен, әсіресе экоактивистермен қарастырдық. Барлығы 17 онлайн-кездесу өтіп, 25 мыңға жуық адам қатысты. Талқылау нәтижелері бойынша әкімдіктермен және табиғат пайдаланушыларымен бірлесіп, 17 жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарда өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты шаралар қарастырылған", - деді ол Үкімет отырысында.
Министр 2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес ауаның жоғары ластану деңгейі тіркелген 10 қаланы атап өтті.
"Баршамызды мынадай экологиялық проблемалар алаңдатып отыр. Бұл - атмосфералық ауа мен жерүсті суының ластануы, қалдықтарға байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі, сондай-ақ ежелден ластанған жерлер мен көгалдандырудың жетіспеушілігі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес, 45 елді мекен ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары. Сонымен қатар, ластаушы заттар шығындылар көлемінің едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі", - деді экология министрі.
Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасын іске асыру мәселесі талқыланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!