16 марта 2020 | 18:39

Министр бағаны көтерген кәсіпкерлер жазаланатынын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Тұрар Қазанғапов

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ведомство басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тауарларының бағасы тұрақталатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Төтенше жағдай режимінде ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуге тиіспіз. Біз тамақ өнімдерінің бағасын көтеруге, алып-сатарлыққа салынуға жол бермеу үшін барлық күш жігерімізді саламыз. Ол үшін тиісті құқықтар мен құралдар жеткілікті", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы орайда Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланатынын ескертті.

"Қазіргі уақытта біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын енгізу тетігін жеңілдетіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салатын құқығы бар", - деді министр.

Айта кетейік, өткен аптаның соңында әлеуметтік желілерде коронавирус тарауына байланысты ірі қалаларда азық-түлік кезегі пайда болғаны туралы хабарлама тараған. 

Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты телеарна арқылы үндеу жасады. Ал кеше президент Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған болатын. 

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде 9 адам коронавирус жұқтырған, екеуі - Нұр-Сұлтанда, жетеуі - Алматыда.

Сонымен қатар, бүгін әлемде мұнай бағасы төмендеп, елімізде доллар бағамы күрт өсті. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық банкі мәлімдеме жасады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram