РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
06 апреля 2020 | 11:15

Министр 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдер алуы керегін түсіндірді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдер алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдер алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"42 500 теңге - мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға қарастырылған төлем. Әртүрлі салада жұмыс істеп жүрген азаматтарға арналады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, осыған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша адам алғанын, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге арналған сайттың қалай жасалғанын айтқан болатын.

Сонымен қатар, қаржы министрі Әлихан Смаилов Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін, ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтқан.

Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өткен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 584-ке жетті. 44 науқас жазылды, 6 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети