ПОДЕЛИТЬСЯ
04 января 2019 | 19:38
Мешіт территориясына кірген көліктер астаналықтың наразылығын туғызды
Мешіт территориясына кірген көліктерге Астана тұрғыны наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мешіт территориясына кірген көліктерге Астана тұрғыны наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияның +7 777 001 4499 нөміріне оқырман жолдаған видеода елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінің алдындағы территоррияда көліктердің тұрғаны көрінеді. Кадр сыртындағы адам видеоның қаңтар айында түсірілгенін айтады.
"Қаңтар айы, Әзірет Сұлтан мешіті, бұл жаққа VIP-тұлғалар кіреді екен. Тіпті мешіттің өзінде теңдік жоқ", - деген автор көлік нөмірлерін көрсетеді.
Осыдан кейін видео авторы басқа көліктің бұл территорияға кіре алмай, кейін жүргенін түсірген.
Өз кезегінде Әзірет Сұлтан мешітінің баспасөз қызметіндегілер бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл көліктер дөкейлердің емес, кіруге арнайы рұқсат алғандардың қызметтік көлігі.
"Бізде мұсылман елдері көп. Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Түркия. Міне осы елдердің елшіліктері арнайы сұраныс хат жолдап, рұқсат алып қана кірген көліктер. Әр елдің елшілігі бір-бірден ғана көлік кіргізуге рұқсат алған. Бұл көліктер жұма кезінде осы жолмен кіреді. Бұл жерге кез келген шенеунік немесе басқа да бір дөкейлер жосықсыз кіріп-шығып жүре алмайды. Жалпы мешіттің 1500 көлікке арналған автотұрағы бар. Кез келген мешітте мұндай арнайы есіктер болады, бұл көбіне қауіпсіздік мәселесіне қатысты жағдай", - деп пікір білдірді мешіт өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также