Кез келген компания жұмыс күші қажет болған жағдайда мереке күніне немесе демалысқа қарамастан қоластындағыларды жұмысқа тартуы мүмкін. Бірақ бұл қаншалықты заңды? Қызметкер қандай жағдайда мереке және демалыс күндері жұмысқа шығудан бас тартуға құқылы? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтарды заңгер Тілеужан Жұмабекұлына қойып көрді.
Кез келген компания жұмыс күші қажет болған жағдайда мереке күніне немесе демалысқа қарамастан қоластындағыларды жұмысқа тартуы мүмкін. Бірақ бұл қаншалықты заңды? Қызметкер қандай жағдайда мереке және демалыс күндері жұмысқа шығудан бас тартуға құқылы? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтарды заңгер Тілеужан Жұмабекұлына қойып көрді.
Адвокаттың айтуынша, қызметкер белгілі бір жағдайларда ғана демалыс немесе мереке күндері жұмысқа шығудан бас тарта алмайды.
Қандай жағдайда қызметкер жұмысқа шығуға міндетті?
Заңгер басшылықтың кейбір жағдайларда қызметкерді жұмысқа тартуға құқы бар екенін айтады.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңның 86-бабы бойынша, кейбір жағдайларда қызметкерді оның рұқсатынсыз-ақ жұмысқа шақыртып алуға болады. Мысалы, төтенше жағдайлардың, зілзаланың немесе өндірістік апаттың алдын алу немесе олардың салдарын жою үшін, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін; күтпеген жұмыстарды орындау үшін қызметкердің рұқсаты қажет емес", - деп түсіндіреді заңгер.
Оның айтуынша, бұл жағдайлардың барлығында да міндетті түрде басшылықтың жазбаша бұйрығы болуы керек.
Қызметкерді келісімінсіз жұмысқа тартуға бола ма?
Заңгер жалпы ереже бойынша жұмыс беруші қоластындағы қызметкерін демалыс немесе мереке күндері тек оның жазбаша рұқсатынан соң ғана жұмысқа жұмылдыра алатынын айтады. Сондай-ақ, басшылық тарапынан бұйрық шығуы қажет дейді.
Демалыс және мереке күндері жұмыс істегендерге өтемақы қалай есептеледі
Қай күндер демалыс және мереке күндері болып саналады?
Еліміздегі мереке күндердің барлығы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңда белгіленген.
"ҚР Еңбек кодексінің" 84-бабында демалыс күндерін белгілеу тәртібі туралы айтылған. Осылайша, заң бойынша бес күндік жұмыс аптасында қызметкерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып саналады. Ал бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні еңбек келісімшартында белгіленеді.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, мерекелер ұлттық және мемлекеттік болып бөлінеді. Осы заңның 5-бабы бойынша, елімізде мемлекеттік және ұлттық мерекелердің барлығы демалыс күні болып саналады:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Нұр-Cұлтан күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (жалғыз ұлттық мереке).
Еңбекке жарамсыздық парағы: Төлем қалай есептеледі?
Демалыс күндері үшін ақша төлене ме?
Заңгер Еңбек кодесінің 85-бабында ("Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс") сәйкес, мейрам немесе демалыс күндері жұмысқа шыққаны үшін берілетін өтемақының екі формасы бар екенін айтады.
"Алғашқысы - сол күні жұмысқа шыққаны үшін жұмыс күндерінің бірінде демалыс беру. Екіншісі - мейрам немесе демалыс күні үшін өтемақы төлеу. Еңбек кодексінің 109-бабына (Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу") сүйенетін болсақ, кем дегенде әдеттегі бір күндегі жұмыс сағатынан 1,5 есеге көп ақша төленуі тиіс. Дегенмен кей жағдайларда, мысалы, ұжымдық шартта одан да көп коэффициент көрсетілуі мүмкін", - дейді ол.
Мысалы, компания басшылығының бұйрығымен қызметкер 2 қаңтар, мейрам күні жұмысқа шақыртылды. Бес сағат жұмыс істеп қайтты. Еңбек келісімшартына сәйкес, мереке күндері шыққаны үшін әдеттегіден 1,5 есеге көп ақы төленуі керек. Сонда 180 000 теңге жалақы алатын қызметкер демалыс күні жұмысқаны үшін қанша ақша алуы тиіс?
Жалақысы - 250 000 теңге
Бір айдағы жұмыс күні: 22 күн
Бір айдағы сағат саны: 22 * 8 = 176 сағат
Бір сағатына: 250 000/ 176 = 1 420 теңге
Мереке күндері шыққаны үшін төленетін ақы (1 күнге): 250 000 / 176 * 5 сағат *1,5 = 10 653 теңге
Желтоқсан айы үшін берілуі тиіс жалақы: 250 000 теңге + 10 653 теңге = 260 653 теңге.
Сондай-ақ, заңгер демалыс күні өтемақы алмай-ақ, оның орнына демалыс алу заңды екенін айтып өтті.
"Еңбек кодексінің 85-бабы бойынша ("Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс"), демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 109-бабында көрсетілген мөлшерде ақы төленеді, яғни бір күндегі жұмыс сағатынан 1,5 есеге көп ақша төленуі тиіс", - деп түсіндірді заңгер.