РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 мая 2020 | 13:58

"Мен жақсы өмір сүрдім". Бейсен Құранбектің жары тележүргізушінің қандай ой айтқанын жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейсен Құранбек Бейсен Құранбек

Таяуда дүниеден өткен танымал тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай халыққа басу айтты. Оның сөздерін Бейсен Құранбектің "Жетісу" телеарнасындағы орынбасары Серік Әбікенұлы Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Таяуда дүниеден өткен танымал тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай халыққа басу айтты. Оның сөздерін Бейсен Құранбектің "Жетісу" телеарнасындағы орынбасары Серік Әбікенұлы Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Гүлмира Зербайдың айтуынша, оған жарының дүниеден өтуіне байланысты игі жақсылар лебіздерін білдіріп, жеделхаттар жолдап жатыр екен. 

"Өмірден өтті...Мәңгілік мекеніне жетті... Ол кісінің демі үзілсе, менің де тынысым тоқтайтындай көрінетін. Алайда кеудемдегі жаным шықпаған соң, тірі адам тіршілігін жасай береді демекші, басымды көтеріп, айналама қарауыма тура келді. Алланың ісіне көндім, - деп жазған Гүлмира Зербай. 

Сонымен қатар, Бейсен Құранбектің жары қайғысына ортақ болғандарға отбасының атынан алғыс айтқан. 

"Бейсекемнің мақтауын жеткізіп, бояуды аямай, әсірелеп айта берсем болар еді, бірақ, Құдайға шүкір, оны меннен неше есе артық жақсы жеткізетін адамдар баршылық. Әрі оның шынайы бейнесін бетпе бет кездескенде де, көгілдір экраннан да өздеріңіз көріп, бағасын беріп жатырсыздар. Сондықтан мен оның осы дүниеден шын дүниеге өтер кезіндегі соңғы ойларын ғана жеткізсем деймін", - дейді ол. 

Тележүргізушінің жары Құранбектің ұзақ уақыт ауырғанын мәлімдеді. 

"Ол ұзақ ауырды, аурудың жақсысы жоқ, алайда нақ осы дерт адамның сабырлылығы мен төзімін сынауға арналған ба деген ойға қалдым. Ауру дендеп, денені құрсап, қинап жатса да, Бейсекем қабағын бір шытпады, "мына ауру пәле болды, шаршатты" дегенді айтпады. Дүниеден озу осындай да болады екен...", - дейді Гүлмира Зербай. 

Сондай-ақ, Гүлмира Зербай жарының өмірінің соңында қандай ойға келгенін айтты: "Құдайым мені қай кезде аламын десе де дайынмын. Алланың маған нәсіп еткен өміріне де, сынағына да разымын. Мен жақсы өмір сүрдім. Маған Алла тағала жақсы ата-ана, жанашыр бауыр, адал жар, сүйкімді бала сыйлады. Он екі мүшемді сау қылып, бойыма қуат берді, миыма сана, жүрегіме рух берді. Басыма бақ қондырды. Ел-жұртыма маңдай терімді сыпырып жүріп қызмет етуге мүмкіндік берді. Тағы уақыт берсе, тағы да аянбай қызмет етуге даярмын. Мені жақындарыммен, балаларыммен сынамай, жеке басыма дерт беріп, өз денеммен сынап жатқанына тағы да шексіз ризамын. Ризамын!". 

Еске салайық, 18 мамырда Бейсен Құранбектің дүниеден өткені туралы хабарланған болатын. Алматы облысының әкімдігі арнайы комиссия құрып, тележүргізушіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімін ұйымдастырған еді. 

"Ұйқыдан ауырмай тұрғанның өзі жарты бақыт". Бейсен Құранбек сырқаты туралы не деген?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети