Бүгін Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып, кейін сенат төрағасы болып сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бұл қызметте ол алты айға жуық уақыт жұмыс істеді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа сенатор туралы баяндайды.
Бүгін Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып, кейін сенат төрағасы болып сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бұл қызметте ол алты айға жуық уақыт жұмыс істеді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа сенатор туралы баяндайды.
Қоғам қайраткері мен жазушының ұлы
Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Әкесі - мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сағат Әшімбаев. Ал анасы - журналист, жазушы Шарбану Бейсенова.
Болашақ сенатор жоғары білімді алдымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алған. Мамандығы - экономист.
Артынша АҚШ-та білімін шыңдап қайтқан. Әр түрлі жылдары Джонс Хопкинс университеті, Тафтс университеті, Халықаралық зерттеу мектебінде тәлім алып, тағылымдамадан өткен. Бүгінде ол - саясат ғылымдарының кандидаты, халықаралық қатынас магистрі.
Мәулен Әшімбаев. Фото: ОКҚ
Мемлекеттік қызметте 27 жыл
Университетті бітіргеннен соң Әшімбаев 22 жасында Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Онда ол маркетинг бөлімінің жетекші маманы болып бастап министрлікке қаарсты қор директорының орынбасары қызметіне дейін өскен.
23 жасында Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі болып бір жыл қызмет атқарады. Артынша саяси түрлі ведомствода жұмыс істейді.
2000 жылы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры атанады. Одан бөлек Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі қызметін атқарады.
Кейінгі жылдары Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары секілді қызметтерде тер төгеді.
2012 жылы 31 жасында Парламент Мәжілісінің V сайланымдағы депутаты болды. 2016 жылы V сайланымда да Мәжіліс депутаты болып қалады. Екі жыл бұрын Nor Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Сенат депутаты - Мәулен Әшімбаевтың соңғы 10 айдағы үшінші қызметі. 2019 жылы 30 шілдеде ол Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалған. Ал желтоқсанда Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал бүгіннен бастап ол - Сенат депутаты.
Үш қыздың әкесі
Мемлекет алдындағы қызметі үшін Әшімбаев бірнеше рет мараптталған. 2001 жылы ҚР құрмет грамотасын алса, 2007 жылы "Құрмет" орденін таққан. Ал 2015 жылы "Парасат" орденімен наградталған. Одан бөлек, оның запастағы лейнетант шені бар.
Мәулен Әшімбаев - бүгінге дейін саяси тақырыптағы бірнеше кітаптың авторы. "Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии", "Центральная Азия до и после 11 сентября: геополитика и безопасность" және тағы да басқа кітаптары бар.
Мәулен Әшімбаев қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Сенатор үйленген, бүгінде үш қыздың әкесі. Айғаным, Алтынай және Алима есімді қыздары бар.
Әшімбаевты екі әлеуметтік желіден табуға болады. Ол Facebook пен Instagram желілеріне тіркелген. Сенатор екі желіде де белсенді. Көбіне қызметіне байланысты жазбалар жариялап тұрады. Сондай-ақ, қазақстандықтарды түрлі мерекемен құттықтап тұрады. Қазақша да, орысша да жазбалары бар. Facebook-парақшасын 2018 жылы наурызда ашқан, бүгінде 3225 досы мен 9 354 жазылушы бар.
Ал Instagram-парақшасында 13,1 мың фолловер бар. Ал өзі Сәкен Майғазиев, Мадина Сәдуақасова, Илья Ильин, Ақтоты Райымқұлова, Берік Уәли, Алтай Көлгінов, Бауыржан Байбек секілді адамдарға жазылған.
Көлігі жоқ, үш баланың анасы, Желіде белсенді. Сіз кімсіз, Аида Балаева?