РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 июля 2020 | 12:45

Мемлекет қаражатының қайда жұмсалып жатқанын халық білуі керек - Балаева

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аида Балаева Аида Балаева

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтар бюджет қаражатының қайда және қалай жұмсалып жатқанын білуге құқы барын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтар бюджет қаражатының қайда және қалай жұмсалып жатқанын білуге құқы барын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, бюджет қаражаты туралы мәлімет мемлекеттік сайттарда болуы керек.

"Қоғамның бюджет ақпаратына қолжетімдігін арттыру керек. Қазіргі таңда Қазақстан бюджеттің ашықтығы рейтингісінде 100 баллдың 58-ін ғана жинады. Ал қоғамның бюджетті қалыптастыруға қатысуы (рейтингіде - автор) 100 баллдың 17-сін жинады. Бізге бұл бағыт бойынша жұмысты жетілдіру керек", - деді ол министрлік Facebook-тегі парақшасында өткен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында. 

Аида Балаева мемлекеттегі жобалар халықтың игілігі үшін жасалатынын атап өтті.

"Барлық жоба халық үшін жасалады. Сондықтан халық мемлекеттің қаражаты қайда, қалай жұмсалатынын бақылауға хақы бар. Бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру керек", - деді министр.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік сайттардың жұмысын сынға алды. 

"Екінші мәселе ашық үкімет порталдарының архитектурасына байланысты. Менің ойымша, олар моральдық жағынан ескірді. Порталдарды интеграциялау барысында туындаған қиындықтар бар. Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі бюджеттің ашықтығы мәселесі. Бұл қаржы министрлігі және мемлекеттік жоспарлау саласында проблемалар бар екенін көрсетті. Сондықтан (порталдардың - автор) архитектурасын қайта қарап, барлық порталдың, ашық үкімет порталының жаңа нұсқасын жасау керек", - деді Балаева.

Министрдің пікірінше, бұл мәселе тек қаржы министрлігіне қатысты емес.

"Жалпы жергілікті органдар, әрбір министрлік "қандай жоба іске асырылып жатыр, оның қаражатының мөлшері, ақша қалай жұмсалады" деген мәселе біз үшін ашық болуы керек. Өйткені, қазір қоғам осы мәселеге назар аударып отыр. Көптеген мәселе түсінбеушіліктен туындайды. Солай емес пе?", - деп түйіндеді сөзін ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети