РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 июля 2020 | 13:18

Мемлекет басшысы тиімсіз шығындарды қысқартуды тапсырды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиімсіз шығындарды қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиімсіз шығындарды қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, ең бірінші, тиімсіз шығындарды қысқартудан басталуы керек. 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1,6 трлн теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес", - деді ол үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда отандық өндірушілерді қолдау маңызды екенін атап өтті.

"Отандық өндірушілерді қолдау - мемлекеттік дағдарысқа қарсы іс-қимылдардың негізгі элементі. Бұл мәселені әр аймақта әкім орынбасары жеке қарауы керек. Жыл аяғында үкімет пен Президент әкімшілігі олардың жұмысына және жалпы аймаққа баға береді. Жергілікті қамту мәселесі ай сайын экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі комиссияда қаралуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр. 

Отырыста Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беріп жатыр. Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту бағдарламасын сынап, бірқатар басшыны қызметінен босатуды тапсырғаны хабарланған еді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети