27 июля 2020 | 12:41

Медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 38,1 миллиард теңге бөлінді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"МӘМС" қорынан медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу үшін 38,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"МӘМС" қорынан медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу үшін 38,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы инфекцияны емдеу және індеттің алдын алу шараларын қаржыландыру ісіне Медициналық сақтандыру қоры жауапты болды. (...) Коронавирусқа қарсы күрес шараларына жалпы 56,7 миллиард теңге бөлінді. Халыққа қызмет көрсету үшін 630 мекемемен шарт жасалды. Медициналық көмек пен стационарларға 13,4 миллиард теңге, қауіпті аймақтарда жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 38,1 миллиард теңге, ПТР-диагностикаға 5,2 миллиард теңге қарастырылған", - деді басқарма төрағасы ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда медицина қызметкеріне берілетін төлемақы ережесі өзгерген болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 83 122-ге жетті. 52 571 науқас аурудан айыққан, 585 адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram