19 августа 2020 | 14:01

"Маска тақпайды, асханаға бармайды". Әлем елдерінде сабақ қалай өтеді?

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Instagram//safety_kids20

Коронавирус пандемиясына байланысты 1,5 миллиард оқушы бірнеше апта, тіпті бірнеше ай бойы мектепке бара алмады. Қашықтан оқуға "бейімделіп" алды. Жазғы каникулға кеткендер де, жаз мезгілінде мектепке қайта барған балалар да бар. Бір елде балаларға маска тағып келіңдер десе, басқасы мектепте қол жуған жеткілікті деп есептейді. Әлем елдерінде балалар мектепте қандай сақтық шараларын сақтайды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус пандемиясына байланысты 1,5 миллиард оқушы бірнеше апта, тіпті бірнеше ай бойы мектепке бара алмады. Қашықтан оқуға "бейімделіп" алды. Жазғы каникулға кеткендер де, жаз мезгілінде мектепке қайта барған балалар да бар. Бір елде балаларға маска тағып келіңдер десе, басқасы мектепте қол жуған жеткілікті деп есептейді. Әлем елдерінде балалар мектепте қандай сақтық шараларын сақтайды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

АҚШ-та Ақ үй коронавирус пандемиясынан үш кезеңмен шығу жоспарын ұсынды

Реклама
Реклама

Соның екіншісінде мектептерді ашу көзделген. Бірақ мамандар жаңа оқу жылында мектеп бір уақытта ашылмайтынын ескертті.

"Барлығы үшін қолайлы бір шешім болмайды. Мектепте жарық қосылғанда ол бірнеше ай бойы ашылуы да, жабылуы да мүмкін. Бұл қолданылатын шараларға байланысты болады", - деді Америка мұғалімдері федерациясының (AFT) президенті Рэнди Вайнгартен.

Маска, сабын, қашықтық сақтау керек, бірақ асхана жабық

АҚШ ауруларды бақылау және тоқтату орталығы (CDC) оқушылар мен мұғалімдердің COVID-19 инфекциясын жаппай жұқтырмауы үшін алдын ала нұсқаулық әзірледі. Олар балалардың мектеп ішінде кабинеттен кабинетке ауыспай, бір кабинетте бір мұғаліммен оқыса, індеттің жұғу қаупі төмен болады деп есептейді. 

"Оқушылардың арасындағы қашықтық кем дегенде алты фут (1,8 метр) болу керек және олар жеке құралдарын ғана пайдалану керек", - делінген нұсқаулықта. 

CDC мектептер ашылған жағдайда спорт залдар мен асханаларды жабу, дәлізде қашықтық сақтау үшін арнайы сызықпен белгілеу, балалардың қол жуатын орны мен дәретханаларды арнайы пластикпен бөліп қоюды ұсынды. Асхананың орнына балалар кабинетте тамақ ішу керек. Ал мектепке келетін мұғалім мен оқушы, сондай-ақ басқа мамандар да қолды жиі жуып, маска тағуды ұмытпаған жөн.

Данияда балалар мен мұғалімдер маска тақпайды

Коронавирус пандемиясы кезінде мектептерін ашқан еуропалық елдер көп емес. Солардың бірі - Дания. Бірінші болып бастауыш сынып оқушылары топқа бөлініп, мектеп партасына жайғасты

Әр топта 10 бала отырады. Олар мектепке белгіленген уақытта келеді. Бір мұғалім ғана сабақ береді, бөлек тамақ ішеді және өздеріне бөлінген балалар алаңында ойнайды. Тек мұғалім де, балалар да маска тақпайды. Ел үкіметі барлық баланы мектепке жинап, маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақта дегеннен гөрі, мұндай шағып топта маскасыз отырған қауіпсіз деп шешкен.

Зеландиядағы Роскилл аралында орналасқан Әулие Иосиф мектебіндегі халықаралық бөлімнің басшысы Дом Махердің айтуынша, кішкентай балаларға әлеуметтік қашықтық сақтау қиындау.

"Олардың көбі қашықтық сақтау дегенді жақсы орындайды. Бірақ ойнап жүргенде ұмытып кетеді", - деді ол.

Германияда баланы тақтаға шығармайды

Германиядағы федералды аймақтарда оқу жылы түрлі уақытта басталатындықтан, Берлин, Бранденбург, Гамбург, Мекленбург-Передней Померания, Шлезвиг-Гольштейн сабақ басталып кетті. Барлығын қосқанда 10 мыңнан аса мектеп ашылды. Тек кейбірі қайта карантинге жабылды. Себебі оқушылар мен мұғалімдердің арасында коронавирус анықталған. 

Апта бұрын Солтүстік Рейн - Вестфалияда балалар жазғы каникулдан кейін мектепке оралды. Олар наурыздан бастап қашықтан оқыған, кейін шағын топ болып аптасына бір-екі рет оқыды. Содан соң жазғы каникул басталған. Ал қазір каникул бітті, сабаққа оралды. Тек сақтық шараларын сақтамағандарды мектептен шығаруы әбден мүмкін. Вестфалияда коронавирус жұқтырғандар көп болғандықтан, бұл жерде бәрі қатаң. Бесінші сыныптан бастап сабақ кезінде маска тағу - міндет.

Масканы тек мұғалімдер шеше алады. Онда да тек балалардан алыста - тақтаның алдында тұрғанда шешуге рұқсат. Ал балалар тақтаға шықпайды, орнында отырып жауап береді. Дәлізде топтасып жүрмейді, бір жолмен жүру үшін еденге арнайы белгі қойылған. Қолды дезинфекциялайды. Мектепке кірерде дене қызуы өлшенбейді. Дене шынықтыру сабағы далада өтеді.

"Бала жөтеліп, мұрны бітелсе, мектепке жібермеген жөн", - ата-аналарға таратылған хабарламада осындай нұсқау бар. 

Коронавирусты анықтайтын тест - тегін

Шлезвиг-Гольштейн федералды аймағында 1,5 мың мұғалім мектепке барып жұмыс істеуге өтініш берген. Алайда арнайы комиссия тек 30 мұғалімге рұқсат етті. Бұл мұғалімдер әр екі апта сайын коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсырады. Ал Баварияда жазғы каникул қыркүйекте аяқталады. Сондықтан қазір балалар да тест тапсырады. Бірақ бәрі емес, таңдап алады.

Жапонияда балалардың маскасы ерекше

Жапонияда Білім министрлігі 2019 жылдың жазындағы тәжірибеге талдау жасады. Сондай-ақ коронавирус пандемиясын ескеріп, сынып кабинеттерін желдету және масканы үнемі тағуды міндеттеді. Қауіпсіз болмаған жағдайда масканы шешуге рұқсат етіледі.

Қазір Instagram желісінде жапониялық балалардың маскасы сатылады деген хабарлама көп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Защитные экраны в наличии. Для заказа переходите по ссылке в профиле.

Публикация от Защитные экраны для детей (@safety_kids20) 17 Авг 2020 в 11:33 PDT

Ал Қазақстанда бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші топтар ашылады. Балалар мен мұғалімдердің дене қызуын өлшейді. Әр екінші сыныптан кейін кабинетті (ылғал) тазалайды. Қолды жуу, кабинетті дезинфекциялау керек, парталардың арасы 1 метр қашықтық сақталу. Шетелден келген бала болса, мектепке екі аптадан кейін келу керек. Сондай-ақ асхана жұмыс істемейді.


Нұр-Сұлтандағы мектеп сыныбы

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram