31 тамызда көз тұсын маса шаққан Мақпал Еспенбетованың өлімі жайлы толық мән-жайды марқұмның туған-туыстары және жолдасы Роллан баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының "Ақ халаттылар ажалға араша ма?" шығарылымында айтылды.

Мақпал Еспенбетова көз тұсын маса шаққаннан кейін Астанадағы № 1 қалалық ауруханада көз жұмған еді. Өз аяғымен ауруханаға келіп, ақ халаттылар қолында қаза тапқан келіншектің артында екі баласы мен жары қалды. Ұлы 8, ал қызы 6 жаста.
Ролланның айтуынша, жары Мақпал балаларымен алғашқы қоңырауға барғысы келген.
Ал марқұмның құрбысы Бибен Жүнісова болса дәрігерлер Мақпалдың тіпті анықтамалығын дұрыс толтырмаған деп айыптап жатыр. Айтуынша, құжатта оның салмағы да дұрыс көрсетілмеген, жынысы "ер" деп жазылған болып шыққан.
Денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Қарлығаш Ғалымжан болса дәл қазір істің қалай қаралып жатқанын баяндады.
Бағдарлама барысында Бибен Жүнісова марқұм құрбысының кез келген нәрсеге қуана алатын ашық-жарқын адам екенін айтты.
Айта кету керек, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма күндері аралығы көрсетілетін болды.
"Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады. Сонымен қатар, телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.