Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин еліміздегі басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілердің жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин еліміздегі басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілердің жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен үкімет басшысы 23 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі жеңілдетілгенін атап өтті.
"Санитиарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, бірқатар саладағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Оның ішінде құрылыс, өнеркәсіп, кейбір қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар бар", - деді ол үкімет отырысында.
Осы орайда Асқар Мамин алдағы уақытта елімізде басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілердің жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетінін айтты.
"Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин режиміне өзгеріс енгізу, біртіндеп жеделдету бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілерінің жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі. Мұндай жұмыс еліміздің басқа өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен бұл санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң сақтағанда ғана мүмкін болады", - деді премьер-министр.
Ол бұл мәселені денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатаң бақылау қажетін атап өтті.