22 декабря 2020 | 10:10

Мамин келесі жылы талқыланатын заңдарды атады

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Келер жылы Қазақстан Парламентінде 25 заң жобасы талқыланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келер жылы Қазақстан Парламентінде 25 заң жобасы талқыланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Асқар Мамин 2020 жылы жоспарланған барлық заң жобасы Парламентке енгізілгенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Осы жылы заң жобалау жұмыстарының жоспары орындалды деп есептейміз. Жоспарланған 22 заң жобасы, олардың ішінде ең маңыздылары ардагерлер, техникалық реттеу, арнайы шараларды нақтылау туралы заң жобалары болды", - деді Мамин Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, премьер-министр алдағы жылы 25 заң жобасын талқыланатынын айтты.

"Оның алтауы Мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауынан туындайды. Бұл - сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, биржалық сауданы дамыту мәселелері туралы заң жобалары. 2021 жылға арналған жоспарда геодезия, биологиялық қауіпсіздік, әскери полиция және қоғамдық бақылау бойынша маңызды заң жобалары бар. Жалпы 2020 жылғы заң жобалау жұмыс жоспары орындалды деп танып, 2021 жылға арналған заң жобалау жоспарын талқылауды ұсынамын. Заң жобаларын уақытында, сапалы әзірлеп ұсыну үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке жауапты болады. (...) Осыған орай министрлер заң жобаларын әзірлеу және Үкімет пен Парламентке ұсынуды қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы жоспардың орындалуын үйлестіру мен бақылауы Әділет министрлігіне жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram