29 июня 2021 | 09:54

Мамин қай сала жұмысшыларына вакцина міндетті болуы керегін айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин кей салаға міндетті вакциналауды енгізу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин кей салаға міндетті вакциналауды енгізу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді.

"Эпидемиологиялық жағдай өзгеріп жатыр. Өңірлерде вирус жұқтырғандардың саны өсіп барады. Ауруханалардағы төсек-орынның 27 пайызы, жансақтау төсек-орындарының 24 пайызы толық. Елордадан басқа "қызыл" аймаққа тағы төрт өңір кірді, "сары" және "жасыл" аймақта алты өңірден бар. "Қызыл" аймақтағы барлық өңірде шектеу шаралары қолданылып, мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілуі тиіс. Резервтік төсек-орындар дайын болсын, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткілікті болуы керек", - деді Мамин.

Сонымен қатар, премьер-министр вакциналау қарқынын үдетуді тапсырды.

Реклама
Реклама

"Бүгінгі таңда 3,3 миллион адамға вакцинаның бірінші дозасы, шамамен 2 миллион адамға екінші дозасы салынған, бұл жеткіліксіз, әкімдер вакцина салу қарқынын күшейтуі керек. Еңбек ұжымдарына қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу керегі айқын", - деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда эпиджағдай қаншалықты нашарлағанын айтқан болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram