ПОДЕЛИТЬСЯ
26 января 2021 | 12:00
Мамин дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы туралы айтты
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасаған баяндамасында дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы қабылданып іске асырылғанын мәлімдеді.
"Бұл халық пен бизнесті қолдау жөніндегі шұғыл шаралар, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөніндегі жедел шаралар және экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар. Осының арқасында 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды. Зиян шеккен салалардағы қарыз алушылардың 80 пайызы кредиттерді төлеу мерзімін кейінге ауыстыру бойынша жеңілдіктерді пайдаланды", - деді премьер-министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, кәсіпкерлердің 40 мыңға жуық жобасы қаржыландырылған.
Сонымен қатар, үкіметтің экономика мен халықты қолдауға арналған дағдарысқа қарсы шараларының жалпы көлемі 6,3 триллион теңгеге жеткен, бұл - жалпы ішкі өнімнің 9 пайызы.
Показать комментарии
Читайте также