"Астана медицина университеті" кафедрасының доценті КЕАҚ Баян Тұрдалина шымкенттік жекеменшік клиника реабилитологы Айна Бакееваның үндеуіне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана медицина университеті" кафедрасының доценті КЕАҚ Баян Тұрдалина шымкенттік жекеменшік клиника реабилитологы Айна Бакееваның үндеуіне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеуін жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұраған. Баян Тұрдалинаның айтуынша, клиникалық хаттаманың бірінші нұсқасы ақпан айында дайын болған.
"Клиникалық хаттама бойынша көптен бері әлеуметтік желіде көптеген ақпарат таралып отыр. Соған нақты тағы да қосымша айтып кететін жағдай, бұл хаттама бізде дүние жүзі бойынша пандемия жағдайы болғанға дейін Қазақстан Республикасында ақпан айында ең бірінші нұсқасы дайын болған еді. Сол уақыттан бері осы төрт-бес айдың ішінде еліміздің жетекші ғалымдары, жетекші клиницистері осы клиникалық хаттаманың жалпы жақсаруы, жаңартылуы бойынша көптен-көп үлкен еңбек жасап келе жатыр", - деді Тұрдалина ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Маман клиникалық хаттаманың құрамындағы антибактериал терапия бойынша бөлімге тоқталды.
"Халық арасында көптеген сауал болып жатыр, коронавирус инфекциясы кезінде вирусты инфекция болғаннан кейін тікелей қолдану көрсеткіштері жоқ. Әрине, индивидуал жағдайда антибактериал терапияны егер екіншілікті қосалқы бактериал инфекциясы қосылған жағдайда оны нақты дәрігер ғана айтып бере алады. Сол жағдайда ғана антибактериал терапиясын қолданған дұрыс. Оның барлығы бізде клиникалық хаттамада барлық көрсеткіш бойынша қосымша ескертпелер ретінде барлығы көрсетілген", - деді Тұрдалина
Ол клиникалық хаттама ресми сайттарда (www.rcrz.kz) жүйелі түрде хабарланып отыратынын және сол хаттама бойынша дәрігерлер науқастарды емдеп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, маман дексаметазонның пайдасына қатысты халық арасында қойылып жатқан сұрақтарға жауап берді.
"Дексаметазон препараты көрсеткіштер бойынша қабынуға қарсы әсер ететін, амбулаторлық жағдайда емес, стационарда ауыр жағдайдағы науқастарға тағайындалған. Ол да біздің клиникалық хаттаманың бөлімдерінде арнайы көрсетілген", - дейді Тұрдалина.
Мұның алдында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты түсініктеме берген еді.
"Бұл видео белсенді түрде таратылып жатыр. Жекеменшік клиниканың докторы, терапевт, реабилитолог, ол емдеу мен асқынулардың болжамына түсініктеме беріп, біздің азаматтарды емдеуден бас тартуға шақырады... Қазақстанның әр өңірінен келген дәрігерлер өз пікірін білдіріп жатыр", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.
"Айтылған сөздерге қатысты қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалғанын түсіну өте маңызды. Бұл танылған, дәлелденген әдістер. Отандық ғылым қайраткерлері, клиницистер осы тәсілдерді әзірлеп жатыр. Инфекционистер немесе біздің пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлер осы препараттарды қалай қолдануға болатынын, қандай дозада, асқынулар қайда, тәуекелдер қайда, қарсы көрсетілімдер қайда екенін біледі. Яғни бәрі осы препараттарды жеке қабылдауға байланысты. Бұл препараттар көптеген пациенті емдеп, оларды аурудан жазды және дәрігердің клиникалық хаттамаларда көрсетілген нақты тағайындауын пайдалану өте маңызды", - деп түсіндірді ол.
Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкенттік дәрігермен байланысуға тырысқанын, бірақ әзірше барлық әрекет сәтсіз болып шыққанын жеткізген еді. Ведомство оның барлық ұсынысын талқылау үшін реабилитологпен кездесуді жоспарлап отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!