РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 июня 2020 | 17:23

Маман қаржы пирамидасына алданып қалмаудың жолын айтты

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kapital.kz Фото: kapital.kz

Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов қаржы пирамидасына тән белгілерді айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов қаржы пирамидасына тән белгілерді айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, бүгінде қаржы пирамидасы, жалған лотерея ұйымдастыру өзекті мәселеге айналыпты.

"Себебі, кейбір пайданы көздеген адамдар тұрғындардың қиын жағдайда қалғанын, қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, қаржы пирамидасын құрады. Олар азаматтардың ақшасын ұрлауды көздейді. Осындай заңсыз ұйымдардың әрекетін болдырмау үшін қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі мен ішкі істер министрлігі тиісті жұмысты жүргізеді", - деді ол орталық коммуникаициялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жанат Элимановтың айтуынша, осы жылы мұндай фактілер бойынша 21 қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр.

"Түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз"

Сонымен қатар, ол қаржы пирамидасы және жалған лотерея ұйымдастырушылармен күрес қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.

"Алдымен біз БАҚ-та және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Оларға сақ болуға кеңес береміз. Әлеуметтік желіде мониторинг жүргіземіз. Сондай-ақ, қаржы барлау қызметінің бөлімі қаржы пирамидаларының жұмыс істеу схемасының типологиясын дайындады. Ол екінші деңгейлі банктерге жіберіледі. Бұл қаржы пирамидаларын транзакция бойынша уақытында анықтауға мүмкіндік береді", - деді төраға.

"Адамдар арыз жазудан бас тартады"

Сондай-ақ, ол зардап шеккен тұрғындар құзырлы органға кеш шағым түсіретінін атап өтті.

"Мұндай қылмыс шығын келгенде ғана анықталып жатады. Мысалы, қаржы пирамидасының алғашқы қатысушылары өздеріне тиісті табысты алады. Осы уақытта зардап шеккен адам ішкі істер органдарына арыз жазудан бас тартады. Кейін бұл ұйымға адамдардың жаппай ақша салғаны, шығын көлемі үлкен екені белгілі болады. Салдарынан бізге көптеген арыз түседі. Ақшаның ұрланғаны анықталады", - дейді Жанат Элиманов.

Қаржы пирамидасына тән белгілер

Төраға қаржы пирамидаларына тән белгілерге тоқталды.

"Біріншіден, ұйымдастырушылар адамдарға мол пайда табуға уәде береді. Оның мөлшері банк депозитінің сыйақысынан жоғары. Екіншіден, адам кез келген жағдайда табыс таба алатыны айтылады. Бұл да күмән тудырады. Үшіншіден, мұндай ұйымдар ақшаны қандай жолпен тауып жатқанын айтпайды. Ұйымның қызметі әлеуметтік желі арқылы жарнамаланады", - деді ол.

Осы орайда Жанат Элиманов қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети