Қазір Қазақстанда 882 елді мекенге интернет қосылмады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазір Қазақстанда 882 елді мекенге интернет қосылмады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір кеңжолақты интернет желісі 6 459 елді мекеннің 4 646-на жүргізілді. Осы елді мекендерде 18,2 миллион адам, яғни тұрғындардың 97,3 пайызы тұрады. Бізге жыл соңына дейін байланыс операторларымен бірге 250 және одан көп адам тұратын елді мекендерді қамтамасыз ету тапсырылды. Енді осындай 882 елді мекен қалды", - деді Виталий Ярошенко ОКҚ онлайн-брифингте.
Сондай-ақ, ол елді мекендерді интернетпен қамту үшін 2 жобаның іске асырылып жатқанын атап өтті.
"Біріншісі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет мектеп, аурухана, әкімдіктерге кеңжолақты интернетті қолжетімді ету үшін қызметті сатып алады. Жыл соңына дейін мұндай 1 257 ауылда интернет желісі болады. Қазір 230 ауыл қалды.
Екіншісі 250 және одан көп адам тұратын елді мекендерге интернет жеткізу. Мұны іске асыру үшін жыл басында ұялы байланыс операторлары мен министрлік арасында меморандумға қол қойылды. Соған сәйкес ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін 3G немесе 4G интернетін қосу керек. Бұл жоба бойынша 46 ауылға интернет қосылды, 882 елді мекен жыл соңына дейін қосылады. Осылайша, осы екі жоба іске асырылғаннан кейін 2020 жылдың соңына дейін тұрғындардың 97,3 пайызына кеңжолақты интернет желісі қолжетімді болады", - деді комитет төрағасы.
Еске салайық, 11 маусымда Сенат отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев биыл Қазақстан халқының 99 пайыздан астамына кең жолақты интернет қолжетімді болатынын айтқан. Ал ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов Қазақстанда жыл соңына дейін 643 ауылда интернет қосылатынын мәлімдеген еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!