ПОДЕЛИТЬСЯ
22 мая 2019 | 13:03
Мақатаевтың 170 өлеңі мен 3 поэмасын жатқа білетін алматылық оқушы
Tengrinews.kz "Қазақстанның талантты балалары" жобасының аясында сіздерді балалық шағынан алғырлығымен, ерекше қабілетімен таңғалдырған жастармен таныстыруды жалғастырады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Tengrinews.kz "Қазақстанның талантты балалары" жобасының аясында сіздерді балалық шағынан алғырлығымен, ерекше қабілетімен таңғалдырған жастармен таныстыруды жалғастырады.
Ақын Мұқағали Мақатаевтың 170 өлеңі мен 3 поэмасын жаттай аласыз ба? Ал жаттап алған оқушы Алматыда тұрады. Аты-жөні - Өркен Өсербай. Бүгінде ол Мұқағали Мақатаев атындағы гимназияның 9-сыныбын тәмамдап жатыр.
Өлеңге деген құлшынысым мен шабытымды ерте жасымнан бойыма дарыған қасиет деп білемін дейді Өркен.
"Мектепке дейін де, мектепке алғашқы жасаған қадамдарымнан бастап поэзия әлеміне деген сапарым басталды. Жастайымнан өлең жаттауды, өлең жазуды және мағынасын түсінуді алдыма мақсат еткен ата-анам. Себебі болашақ өміріме өте қажет болды. Өлең жаттау ең алдымен сөздік қорыңды, жадыңды жақсартады. Яғни өлең жаттап бастасаң, белгілі бір уақыттан кейін оқуға деген құлшынысың, кітапты оқып жатқандағы әрбір сөздің астарын түсінуің жақсара түседі. Өмірде де әр ортада сөзден қысылмай, ойыңды дөп жеткізіп, өзіңді таныта білесің. Бұл кейбіреу үшін ермек шығар, бірақ бұл, меніңше әрбір азаматтың кейінгі болашақ өміріне, карьерасын қалыптастыруға бірден-бір жол", - дейді оқушы.
Алайда Өркеннің айтуынша, өлеңді түсініп оқу мен түсінбей жаттау екі бөлек нәрсе. Жаттап оқысаң, нағыз өлеңнің қадір-қасиетін түсінбей, ары қарай тұлға ретінде өспейсің.
"Әрбір өлеңді жаттау барысында оның мән-мағынасын жете түсініп, махаббатпен жаттауың керек. Оның тарихын біліп жаттасаң, әрбір өлең санаға оңай жазылады. Ал егер түсінбей, міндеттелген соң ғана жаттасаң, санаңнан тез-ақ шығып кетеді", - дейді ол.
Еске салайық, Tengrinews.kz редакциясы "Қазақстанның талантты балалары" жобасын бастаған еді, оның мақсаты - біздің, қазақстандықтардың жас дарындарымыз жайлы білсін деген ниет. Елімізде ең ақылды, өнерлі, алғыр балалар бар деп сенеміз. Егер сіздің балаңыз қандай да бір дарынымен таңғалдырса, ол жайлы оқиғаңызды бізге kids@tn.kz поштасына жіберіңіз. Сондай-ақ, сайтта көрсетілген телефондар арқылы редакцияға хабарласып, әңгімелеп бере аласыз.
"Қазақстанның дарынды балалары" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар" арнайы жобалары қолға алынған.
Показать комментарии
Читайте также