РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
30 ноября 2020 | 11:33

ІІМ "Қазақтелеком" компаниясының бейнебақылау жүйесін пайдаланады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: telecom.kz Фото: telecom.kz

Ішкі істер министрлігі елдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында "Қазақтелеком" компаниясының бейнебақылау жүйесін пайдаланады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ішкі істер министрлігі елдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында "Қазақтелеком" компаниясының бейнебақылау жүйесін пайдаланады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Құқық тәртібін қамтамасыз ету және халықты қылмыстан қорғау жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ішкі істер министрлігі "Қазақтелекомның" бейнебақылау жүйесін пайдаланатын болады. Сенбі күні Ақмола облысы Ақкөл қаласында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қалалық бейнебақылау жүйелерін дамыту және ауқымды деректерді қолдану саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды", - дейді ресми өкіл министрлікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, Ақкөл - Smart city жобасын іске асырған алғашқы қала. 

Сонымен қатар, Нұрділдә Ораз 2017 жылдан бері елімізде "Қауіпсіз қала" тұжырымдамасы аясында қалаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету бойынша жоба іске асырылып жатқанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети