Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қызметінен неге кетті? Бұл сұраққа ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қызметінен неге кетті? Бұл сұраққа ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер ДСМ өкілінен Людмила Бюрабекованың вице-министр қызметінен неліктен босатылғанын сұрады.
"Людмила Бюрабекова өз еркімен вице-министр лауазымынан босатылды. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты. Қайда жұмысқа істейтіні белгісіз. Белгілі болғанда мен немесе өзі айтады", - деді Қожахметов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.
Бюрабекованың үстінен қылмыстық іс қозғала ма? Министрлік жауап берді
Еске салайық, 23 қыркүйекте денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың қызметінен босатылғаны хабарланған.
Сондай-ақ бүгін Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабековамен байланысқа шыққан. Әңгіме барысында ол қызметінен неге кеткенін, Қазақстанда жаңа локдаун қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!