17 августа 2020 | 16:27

"Локдаун қайта енгізілуі мүмкін". ДСМ өкілi COVID-19 екінші толқыны туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Күзде коронавирустың екінші толқыны болады деген болжам бар. Соған байланысты Қазақстанда карантин шаралары күшейіп, локдаун болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ол тек қана біздің қоғамның санитарлық ережелерді сақтауына байланысты. Осы ережелерді бұзатын болсақ, індетке шалдыққандардың саны өсетін болса, әрине, локдаун да, карантин де қайтадан енгізілуі мүмкін. Ол тек қана біздің қолымызда, қоғамның қолында. Санитарлық дәрігерлердің қойған ережелерін мүлт етпей орындау керек. Соған байланысты болып тұр бәрі", - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Бағдат Қожахметов қазір коронавирус жұқтырған 509 науқастың жағдайы ауыр екенін айтқан. Сондай-ақ ол Қазақстанда кинотеатрларды неге ашуға болмайтынын түсіндірді.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордада коронавирус жұқтыру саны айтарлықтай қысқарғанын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram