РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
05 февраля 2021 | 15:41

Латын қарпіне көшіп жатқанымыз Тәуелсіздіктің жемісі - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ана тілімізді дамыту жайындағы ойын латын графикасындағы қазақ әліпбиімен түйіндеп, латын қарпіне көшіп жатқанымыз Тәуелсіздіктің жемісі деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Мұндай игі іс бір-бірімізге қамқорлықты арттырып, бірлігімізді нығайта түсері сөзсіз", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін меңгеру  біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам деп бағалады. Сондықтан тіл үйренуге талпынған отандастарымызды бәріміз қолдауға шақырды.

Еске салайық, 28 қаңтарда ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізіп, онда латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети