РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 февраля 2022 | 20:51

Лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары деп айтуға болмайды - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бұзақыларға қатысты қандай іс-шаралар қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бұзақыларға қатысты қандай іс-шаралар қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұзақылар туралы мәселеге келсек. Кейбір адамдар жазықсыз азаматтарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды да, осындай жалған ұрандарды ел ішінде таратады. Бірақ, мынаны ұмытпауымыз керек, солардың ішінде лаңкестер де, қылмыскерлер де бар. Қараңызшы, мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шықты. Бұған кім сенеді? Жалпы, лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары, батырлары деп айтуға болмайды. Бұл - ешқандай шындыққа келмейтін жалған уәж. Егер біз ақиқатына көз жеткізбей, олардың айтқанына сенетін болсақ, елімізге тағы бір үлкен қауіп төндіреміз. Бұл қарақшыларды Қазақстанға шақыру деген сөз. Сондықтан аталған мәселеде біз өте сақ болуымыз керек. Әрбір іс бойынша мұқият тергеу жүргізуіміз қажет", - деді Президент Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында. 

Сонымен қатар, Президент Ресейдегі елімізде болған оқиғаға қатысты "Төңкерісшілердің мақсаты Президент Тоқаевты Қазақстаннан қуып шығу немесе тұтқынға алу" деген болжамына қатысты пікірін айтты.

"Бәлкім, бұл Ресейдің барлау қызметінің көзқарасы шығар. Бұл рас та болуы мүмкін. Олар біздің еліміздегі оқиғаларды мұқият бақылап отырады ғой. Қалай десек те, арнайы жасақталған қарулы бандалар билікті басып алғысы келді. Сондықтан, шетелдік сарапшылар айтқан пікірдің жаны бар деп ойлаймын. Дегенмен, барлығына байыппен қарап, салмақты баға беру қажет. "Сабыр түбі - сары алтын" деп халқымыз бекер айтпаған. Бізге керегі – асығыс шешім шығарып, істі жауып тастау емес, міндетті түрде ақиқатқа көз жеткізу. Бұл – менің алдыма қойған мақсатым", - деді Президент. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети