Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев журналистерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев журналистерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясына айтамыз. Қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасауға жіберу қажет. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистер өздерімен бірге қызметтік куәлігі және редакциялық тапсырма анықтамасы болуы қажет. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады", - деді министр.
Сондай-ақ ол қазақстандықтар дәрігерге қарала алатынын да жеткізді.
"Дәрігерге көрінуі керек азаматтар ауруханаға бара алады. Бұл дәлелді себеп болып саналады", - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны жетті. 2 науқас қауіпті індеттен жазылды, ал 1 адам аурудан қайтыс болды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап, елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.