РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 апреля 2021 | 17:11

Қызғалдақ жұлған ер адам қанша айыппұл арқалауы мүмкін?

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында қызғалдақтар жұлған ер адамға қанша теңге айыппұл салынуы мүмкін? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі заңгер Думан Көпбаевқа қойды.


Түркістан облысында қызғалдақтар жұлған ер адамға қанша теңге айыппұл салынуы мүмкін? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі заңгер Думан Көпбаевқа қойды.

Думан Көпбаевтың айтуынша, заңда Қызыл кітапқа енген гүлдердің санына қарай айыппұл мөлшерін белгілеу көрсетілмеген.

"Қызыл кітапқа енген гүлді жұлуға болмайды, шындығында оның зияны өте зор. Егер сіз гүлді жұлып алсаңыз, ол енді бұл жерде өспейді. Заң бойынша, Қызыл кітапқа енген гүлді жұлғаны үшін салынатын айыппұлдың көлемі - 3 мың АЕК-ке дейін, бұл шамамен 7 953 000 теңге. Қылмыстық Кодексте гүлдің саны көрсетілмеген, яғни, бір гүлді жұлудың өзі жеткілікті", - деді заңгер.

Заңгердің сөзіне қарағанда, гүлді жұлған ер адам бір емес, екі айыппұл арқалауы мүмкін.

"Ол айыппұлдан бөлек әрбір гүлді жұлып алғаны үшін әкімшілік айыппұл төлеуге тура келеді, ол 0,5 АЕК - 1 458,5 теңге. Егер ер адам бұл қомақты соманы төлей алмайтын болса сот оны үш жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін немесе қоғамдық жұмысқа тарту жазалары қарастырылған", - деді Көпбаев.

Заңгер Қызыл кітапқа енген гүлдерді қорғау жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

"Екінің бірі Қызыл Кітаптағы өсімдіктер жайлы біле бермейді. Мысалы, тауда өсетін бәйшешектің өзі Қызыл кітапқа енген, оны да тауға барғандар жұлып алуы мүмкін. Алайда заң бойынша, адам оны білмегені ескерілмейді және қылмыстық жауаптан босатылмайды. Сол үшін, біріншіден, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер өсіп тұрған жерлерге плакат, билбордтар қою керек деп ойлаймын. Оған сол жерде Қызыл кітапқа енген өсімдіктер өсіп тұрғанын, жұлынса қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертіп, жазу керек. Екіншіден, жалпы мұндай гүлдер өсіп тұрған жерлерді қоршап, ешкімді кіргізбеу керек деп есептеймін", - деді заңгер Думан Көпбаев.

Еске салайық, 21 сәуірде Түркістан облысында тәртіп сақшыларының Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстағаны хабарланған. Полиция мәліметі бойынша, қызғалдақтарды жұлған ер адамды олар Ақбастау аулы маңында байқап қалған. Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізіліп, жұлынған гүлдер сараптамаға берілген. Полицейлер Қазақстанның Қызыл кітабына енген гүлдерді жұлғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескерткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети