РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
19 мая 2021 | 17:53

Қытай вакцинасы қанша қазақстандыққа салынды? ДСМ жауап берді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/tabynov Фото: facebook.com/tabynov

Қазақстанда Hayat-Vax вакцинасы шамамен 100 мың адамға салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Hayat-Vax вакцинасы шамамен 100 мың адамға салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл вакцинаны 400 мың адам салдыра алады.

"Hayat-Vax вакцинасы да екі компоненттен тұрады, 800 мың доза жеткізілген, яғни 400 мың қазақстандық үшін қолжетімді. Қазіргі таңда бірінші компоненті әр өңір бойынша шамамен 100 мың адамға салынған", - деді Айжан Есмагамбетова.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамырдың басында жеткізілген. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған.

"Қытай вакцинасына QazVac жапсырмасы желімделген". Мамандар түсінік берді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети