РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 июня 2023 | 12:18

Қытай үйі, Орыс шіркеуі. Алматыдағы муралдарда қандай идеологиялық мән бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Massaget.kz Massaget.kz

Қаланың ажарын ашып, сәнін келтіретін сәулет өнерінің бір түрі - муралдар. Бір қарағанда қабырғаға салынған бейне ғана болып көрінгенімен, белгілі бір идеяға негізделетіні жасырын емес. Алматыдағы муралдардың астарында қандай сыр жатыр? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.


Қаланың ажарын ашып, сәнін келтіретін сәулет өнерінің бір түрі - муралдар. Бір қарағанда қабырғаға салынған бейне ғана болып көрінгенімен, белгілі бір идеяға негізделетіні жасырын емес. Алматыдағы муралдардың астарында қандай сыр жатыр? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Муралдар - қаланың бет-бейнесін қалыптастыратын өнер түрі. Алматыға келген қонақтар қабырға суреттері арқылы қалаға деген көзқарасын қалыптастыратыны анық.

Алайда Жұмағали Сайын көшесінде орналасқан Қытай үйі мен Орыс шіркеуінің бейнелері адам санасына түрлі ой тастап, теріс пікір қалыптастыруы әбден мүмкін. Мұны сәулетші Сайран Ахметжан да растап отыр.

"Қала көшелерінде мұндай муралдарды салу мүлде дұрыс емес. Қалаға келген қонақ мұның қазақтың қаласы екенін, Алматыдай әсем қала екенін бір қарағанда түсіне алатындай болуы керек. Ал шіркеуге қарап не ойлайды? Шіркеу бейнеленген үйде тұрып жатқан мұсылмандар не ойлайды? Әрбір салынған сурет көркемдік кеңестің шешімімен салынуы қажет деп есептеймін. Негізі муралдар ұлттық тақырыптарды көтеруі тиіс", - дейді ол.

Мәселен, Корея, Жапония секілді мемлекеттерде қабырға суреттері қаланың тарихын айтып сайрап тұрады. Немесе қалаға кіргеннен кімдерге тиесілі екенін бірден байқайсың. Олар өздерінің дінін, тілін, тарихын дәріптейтін муралдарды жиі салдырады. Ал біздің Алматыға келген туристер мына бір қабырға суреттеріне қарап қаланың тарихы тұрмақ қай ел екенін ажырата алмауы мүмкін.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕГЕ өтіп оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети