РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
14 апреля 2020 | 13:39

"Қылмыстық жауапқа тартылады". Сәденов астаналықтарға ескерту жасады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов астаналықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов астаналықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент басшысы көшеде бетперде тағып жүру маңызды екенін атап өтті.

"Қазіргі таңда медициналық бетпердені тағу-тақпау мәселесіне қатысты сұрақ көп. Бетпердені тағу керек. Өйткені, сіз вирусты инфекцияны тасымалдауыңыз немесе жұқтырып алуыңыз мүмкін. Егер адам ауырғанын біліп, бетпердені тақпаса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертемін", - деді Сәденов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті. 138 науқас жазылды, 14 адам қайтыс болды.

Еске салайық, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сау адамға бетперде тағудың қажеті жоқ екенін айтқан.

Сондай-ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясына байланысты бетпердені қандай жағдайда тағуға болатыны туралы кеңес берген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети