27 апреля 2020 | 17:07

Күзде коронавирустың жаңа толқыны келе жатыр деген болжам бар - ДСМ

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Күзде коронавирустың жаңа толқыны келе жатыр деген болжам бар. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзде коронавирустың жаңа толқыны келе жатыр деген болжам бар. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз алдағы уақытта, ертең тағы кездесетін боламыз. Коронавирустың жаңа толқыны күзде келеді деп күтіледі. Осы және басқа тақырыптар бойынша ертең, бірсігүні, алдағы уақытта біздің студияда жүздесетін боламыз", - деді Диас Ахметшәріп ведомствоның медиаорталығында өткен сұхбат соңында.

Реклама
Реклама

ДСМ медиорталығында Диас Ахметшәріп тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевпен Facebook желісі арқылы тікелей эфирге шығып, елдегі коронавирус инфекциясының жағдайына байланысты сұхбаттасты.

Әңгіме соңында ведомствоның ресми өкілі мұндай сұхбат енді күнделікті өтетінін ескертті.

Еске салайық, соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде 2791 адам коронавирус жұқтырған. 696 адам жазылды, 25 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram