РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 мая 2019 | 10:44

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жолында жұбайлары қандай хаттар жазған - Архив құжаттары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ақтаңдақ жылдардың құпиясы уақыт өте келе ашылып, ел жадында сақтаулы. Міне, бұл мақсатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі еліміздің мәдениеті мен ғылымын дамыту, жоғарғы мемлекет ұйымдардың заңдық және ақпараттық негіздерін орындау, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру жолында өзіне міндетті жұмыстарын атқарып келеді.


Қазақстанда 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ақтаңдақ жылдардың құпиясы уақыт өте келе ашылып, ел жадында сақтаулы. Міне, бұл мақсатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі еліміздің мәдениеті мен ғылымын дамыту, жоғарғы мемлекет ұйымдардың заңдық және ақпараттық негіздерін орындау, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру жолында өзіне міндетті жұмыстарын атқарып келеді.

   

Марзия Жылысбаева 

Орталық мемлекеттік архив директорының орынбасары

Tengrinews.kz тілшісі Орталық мемлекеттік архив директорының орынбасары, архив саласында 30 жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан Марзия Жылысбаевамен сұхбаттасуды жөн көрді. 

Архив маманының айтуынша, Тәуелсіздік алған жылдардан бері "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу" күнінің белгіленуіне дейін архив мамандары жазықсыз құрбандарды анықтау жолында архив құжаттары бойынша қарқынды жұмыстар жүргізген. Әрі бұл жұмыс тоқтаусыз жалғасып келеді.

"Еліміздің ең ірі архиві болып саналатын Орталық мемлекеттік архивінде сақтаулы құжаттарда қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының атқарған қызметтеріне арналған деректер көптеп кездеседі. Қуғын-сүргін көрген мемлекет және қоғам қайраткерлерінен басқа қарапайым азаматтар да жапа шеккені мәлім. Осы тұрғыда Орталық мемлекеттік архивіне еліміздің заңды және жеке тұлғаларынан осы мәселеде сұраныс-хаттар көптеп түседі. Әрине, ол жағдайда Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қоры негізінде іздеу жұмыстары жүргізіліп, архивтік анықтамалар құрылып, қордың заңды иегері арқылы жолданады", - дейді маман.

Алайда, өкінішке қарай, архивте Қазақстанның барлық жапа шеккен азаматтарына қатысты толықтай мәліметтер сақталмаған, тек азды-көпті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қызметтеріне, кей жағдайда ақтау жолында жүргізілген отбасылық хаталмасулар деңгейіне байланысты құжаттар сақталып қалған.

Сонымен қатар, Жылысбаева кейбір архив қорларында олардың өмірі мен еңбек жолдарын анықтайтын деректер де сақталғанын айтады. Олардың жұбайларының азаматтарын ақтау жөнінде мемлекет ұйымдарына жазған хаттары да кездеседі екен.

"Қазақстанда болған аштықты өз көзімен көріп, өлеңіне арқау еткен Татьяна Неводовскаяның ащы шындығы көптеген азаматтардың аштық жайлы ашық айтуларына себеп болды десек болады, аталмыш өлең архив қорында сақталып тұр. Жеке тұлғалар ақталғаннан кейін олардың әлеуметтік тұрғыдан азаматтық құқығын қорғау, сақтау, жеке құжаттарын қалпына келтіру және қайыра жұмыс орындарымен қамту үшін Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі, Ішкі істер министрліктері қажетті жұмыстарды жүргізді", - деп баяндады архив маманы. 

Жылысбаеваның айтуынша, қуғын-сүргін көрген азаматтардың отбасыларының мүшелері моральдық, әлеуметтік тұрғыдан зардап шекті, жұбайлары мен туысқандары оларды ақтап алу жолында өмірлерінің соңына дейін қолдарынан келгенше күресіп өткен.

"Жазықсыз жапа шеккен азаматтарға қатысты архив құжаттары қандай мәліметтерді арқау ете алады? Архив құжаттарына тоқталсақ, денсаулық сақтау саласының маманы Шолтыров Махмуд Измайлович жазықсыз 1938-1940 жылдар аралығында түрмеде жазасын өтеген. Ақталып шыққаннан соң Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы И. Шәріповке өзінің халықтың денсаулығын сақтау жолында 1911 жылдан еңбек етіп жатқанына байланысты дербес зейнеткерлікке шығуына ықпал етуін өтініп хат жазған", - дейді ол.

Маман архив құжаттарына сүйене отырып, ашаршылық жылдары жоғары лауазымдағы қызметте болған Мырзағұл Атаниязовтың өміріне қатысты кей деректерді баяндады.

"Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзағұл Атаниязов 1938 жылдың мамыр айында тұтқындалған. Тұтқындалғанға дейін Қазақстан Коммунисттк партиясы Орталық комитетінің бюро мүшесі, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған, 1943 жылы оның ауруының асқынуына байланысты түрмеден босатылған, сөйтіп Ақтөбе қаласына келген, осында 1945 жылы қайтыс болған. Сонымен қатар 1922-1923 жылдары Қазақ АКСР Юстиция халық комиссары, 1925-1927 жылдары Ресей КСФРО-ның Жоғарғы соты Қазақ бөлісінің төрағасы, ал 1933-1935 жылдары Қазақ КСР Прокуроры болып және т.б. қызметтерін атқарған", - дейді Орталық мемлекеттік архивінің маманы.

Архив мәліметтері бойынша, Атаниязов тұтқындалған соң, артындағы бес жанмен қалған оның әйелі Құралай Атаниязова 1966 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа 50 рубльдей зейнетақы алатынын, ақшасының күйеуінің тасын орнатуға жетпейтіні, жарты ақшасын пайдалана отырып, керек десе қара нанмен, сумен бұрындары да отырғаны, бұл жағдай үйреншікті екені және да сүйікті күйеуінің басына тасын орнатуға көмек беруі жайлы хат жазған. Нәтижесінде 1967 жылы Еңбекшілер депутаттарының Ақтөбе облыстық кеңесінің атқару комитетінің шешімімен зиратқа тас қоюға 140 рубль бөлініп, зейнетақысы 70 рубльге көтерілген екен.


Халел Досмұхамедовтің ғылыми-әдеби еңбектерінің тізімі жазылған құжат архив қорында

Сондай-ақ, оның айтуынша, Халел Досмұхамедовтің жұбайы Сағира Жұмағалиқызы мемлекет және қоғам қайраткерінің атқарған қызметтерін дәлелдейтін құжаттарды кезінде өткізіп, архивке тапсырған. Осылайша, тарихи тұлғаның өмір жолы кейінгіге белгілі болған.

"Досмұхамедов 1909-1913 жылдары Орал казак әскерінде кіші дәрігер, 1913-1920 жылдары Темір уезінде участкелі дәрігер, 1920-1921 жылдары Москва қаласында Қазақ революциялық комитетінің құрамында, Ташкент қаласының Физиология тәсілімен емдеу институтында ординатор, Қазақ педагогикалық институтында мектеп жасындағы демалыс орнында дәрігер, 1921-1924 жылдары Республикалардың ұлттық бөлінісі бойынша Қазақ үкіметі тарапынан төрағасы, 1922-1924 жылдары Түрік республикасының Денсаулық халық комиссариатының мүшесі, 1924 жылы Қазақ мемлекеттік баспасының шығыс бөлімінің меңгерушісі, 1926-1928 жылдары Қазақ жоғарғы педагогикалық институты ректорының орынбасары, 1928 жылы Қазақ мемлекеттік университетін құру жөніндегі комиссияның мүшесі, 1928-1930 жылдары Алма-Ата мемлекеттік университетінің профессоры болғандығын дәлелдеген оның жұбайы Сағира Жұмағалиқызының кезінде жинақтап, архивке тапсырған құжаттары еді", - дейді Марзия Жылысбаева. 

Оның мәліметінше, жұбайы Халел Досмұхамедовтің ғылыми-педагогикалық, әдебиет, мемлекеттік қайраткерлігін, ғылым, әдебиет, медицина салаларындағы барлық құқығын қайтару жөнінде талаптар қойған.

"1958 жылдың наурыз айының 8-індегі Қазақ КСР Жоғарғы сотының анықтамасында Досмұхамедов Халелдің 1958 жылдың ақпан айының 28-де Қазақ КСР Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясында қаралып, Қазақстанда Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының өкілетті өкілдігі (ПП ОГПУ) үштігінің қаулысымен 1932 жылының 20 сәуірінде қылмыстың болмауына байланысты жүргізілетін іс тоқтатылған", - деді архив өкілі.

Маманның айтуынша, архивте Қызылорда облысы Жалғыз-көл ауылының азаматы, зейнеткер, аудармашы Тұрмұхамбет Ізтілеуовтің 1935 жылы "Сахнаманы", ал 1937 жылы парсы ақыны Фирдоусидің "Шах-Намэсін" қазақ тіліне аудармалар жасаған соң, қазан айында Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) тұтқындап, 1938 жылдың ақпан айының 23-інде ақталғаны және республикалық дәрежедегі зейнетақысын қайыра бекіту жөнінде жазған өтініші сақталған.

"Архив әр жылдары "Қуғын-сүргін туралы мұрағат айғақтары. Архивные свидетельства о репрессиях" атты тақырыпта, сондай-ақ жеке тұлғалардың мерейтойларына арналған көрмелер ұйымдастырып тұрады. Көрмеге аса құнды архив құжаттарынан қазақтың ғылым, мәдениет, саяси зиялылары Т. Рысқұлов, Ә. Бөкейханов, Б. Майлин, А.Байтұрсынов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, С. Асфендияров, Х.Досмухамбетов, О. Жандосов, Е. Бекмаханов және т.б. қатысты архивтік көшірмелер қойылады Сонымен қатар тек олардың қызмет атқарған кезеңдеріне және Қазақстан тарихында орын алған ұлттар мен ұлыстардың Қазақ жеріне күштеп қоныс аударылуы және келімсектер ретінде келу тарихына, кеңес өкіметінің "солақай саясатының" арқасында орын алған тарихтың "ақтаңдақ беттеріне" қатысты архивтік құжаттардың көшірмелері көрмеден орын алады. Еліміздің тарихын зерделеу, жаңа есімдерді анықтау, олардың өмір жолдары мен еңбектерін бейнелейтін құжаттарды жинақтап, Ұлттық архив қорын толықтыруда архивтердің ғылымда алатын орны орасан зор!", - дейді Жылысбаева.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети