РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 октября 2020 | 13:19

"Көздерінен мұң байқалады" - Армениядағы қазақ әскери қақтығыс жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/meruliya Фото: instagram.com/meruliya

Меруерт Маматхожина Көкшетауда дүниеге келген. Қазір Арменияда тұрып жатыр. Отбасымен бірге биыл маусымда Ереванға қоныс аударған. Қазір бұл ел пандемиямен күресіп қана қоймай, Әзербайжанмен қақтығысып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Меруерт Маматхожинамен сөйлесіп, Армениядағы өмірі және елдің қазіргі жағдайы туралы білді.


Меруерт Маматхожина Көкшетауда дүниеге келген. Қазір Арменияда тұрып жатыр. Отбасымен бірге биыл маусымда Ереванға қоныс аударған. Қазір бұл ел пандемиямен күресіп қана қоймай, Әзербайжанмен қақтығысып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Меруерт Маматхожинамен сөйлесіп, Армениядағы өмірі және елдің қазіргі жағдайы туралы білді.

Арменияға дейін Грекия мен Италияда тұрған

Арменияда тұратын қазақ қызының бұл шетелге алғаш қоныс аударуы емес. Бұған дейін Италия мен Грекияда тұрған.

"Отбасыммен бірге Арменияға биыл маусымда пандемия өршіп жатқанда көшіп келдім. Бұған күйеуімнің жұмысы себеп болды. Қазір декреттемін, баламды тәрбиелеп жатырмын. Армения балалар үшін керемет ел деп айта аламын. Климаты өте жақсы, жағдай да жасалған. Елдің инфрақұрылымы да жоғары деңгейде. Қазір Ереванда тұрып жатырмыз", - дейді ол.

Оның сөзінше, пандемия кезінде басқа елге көшу оңай болмаған. Ол маусымда Афиныдан Ереванға үш рейспен жеткенін айтады.

"Ереван маған қатты әсер етті. Мен қала соншалықты заманауи және жайлы болады деп күткен жоқпын. Бұл отбасылық демалыс үшін өте қолайлы: жасыл саябақтар, гүлдер, барлық жерде фонтандар. Сондай-ақ, жаяу серуендеуді, экскурсияны, пикникті немесе автокөлікпен саяхатты ұнататындар үшін қаладан тыс қызықты жер көп", - дейді Армениядағы қазақ.

Оның сөзінше, Қазақстан мен Арменияның тарихы бірдей болғандықтан, мәдени тұрғыда екі ел бір-біріне ұқсас. Тек Арменияда француз, грек және ливан мәдениетінің араласқанын байқағанын айтады.

"Армяндар ашық және ақжарқын. Олар балаларды жақсы көреді және оларды бақытты ету үшін бәрін жасайды. Армяндар сөйлескенді және кеңес бергенді жақсы көреді. Бейтаныс адамның өзі бала бағып немесе жаттығу жасап жатқаныңызды көріп, түрлі кеңес беруі мүмкін. Бұл - олардың елдің қонағына деген мейірімділігі. Олар сіздің осы елде өзіңізді қауіпсіз сезінгеніңізді қалайды", - дейді Меруерт.

"Достарымыздың көзінен мұң байқалады"

Қазір Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабақ бойынша әскери қақтығыс болып жатыр. Бұл жағдай Маматхожинаның отбасына әсер етпеген.

"Таулы Қарабақтағы қақтығыс отбасымызға әсер етпеді. Тек эмоциялық тұрғыда әсері болды. Себебі бұл жағдайға бейтарап қарай алмаймыз. Аз уақыт ішінде достар таптық, әріптестеріміз бар. Қазір солардың көзінен мұң байқалады. Өте ауыр жағдай. Бірақ бұл жағдай өмір салтымызға, тіршілігімізге әсерін тигізбеді. Ереванда жағдай жақсы, бәрі тұрақты", - дейді ол.

Живущая в Азербайджане казахстанка рассказала о ситуации в стране

Оның айтуынша, армян халқы арасында дүрбелең жоқ. Қайта осындай жағдайда олар біріге түскен.

"Барлық кәсіпорын мен мекеме күнделікті режим бойынша жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар арасында дүрбелең жоқ. Керісінше, халық осындай жағдайда жұдырықтай жұмылғаны байқалады. Мұны саябақтарда жиналып, әскерилерге гуманитарлық көмек жіберуге дайындалып жатқан жастардан-ақ көруге болады. Қаладағы көңіл-күй осындай. Зардап шеккендерге арналған түрлі пункттер, көмектер бар", - дейді Меруерт.

Таулы Қарабақта не болып жатыр?

Оның сөзінше, қазір әскерге жарамды адамдар майданға аттанып жатыр.

"Елде жұмылдыру шарасы жарияланды. Көз алдымызда әскерге міндетті көп адамды майданға әкетіп жатыр. 18-55 жас аралығындағының бәрі майданға кетіп жатыр. Әскери міндетті адамдардан бөлек, өз еркімен қақтығыс маңына баруға келісімін берген ерікті де көп", - дейді ол.

Ал майданға аттанбай, қалада қалған еріктілер қақтығыс маңында тұратын халықты басқа аймақтарға тасымалдауға көмектесіп жатыр екен.

"Еріктілер саны өте көп. Олар әскери қақтығыс маңындағы елді мекендерде тұратын халықты басқа қалаларға тасымалдап жатыр. Оларды өз үйіне кіргізуге немесе уақытша баспана беруге дайын отбасылар көп. Одан бөлек, сол тұрғындарға осында киім-кешек, дәрі-дәрмек беріп көмектесетін волонтерлік ұйымдар бар, себебі бұл адамдар бәрін жоғалтты, үйлері қираған", - дейді Меруерт.

"Жаңалық қате, қақтығыс емес". Танымал тұлғалар Таулы Қарабақтағы жағдай туралы не дейді?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети