РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 апреля 2020 | 11:48

Қостанайда карантин кезінде жұмыс істейтін мекемелер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Mapio.net Фото Mapio.net

Қостанайда карантин кезінде бірнеше мекеме жұмыс істейді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда карантин кезінде бірнеше мекеме жұмыс істейді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитайло онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нечитайлоның сөзінше, әлеуметтік тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Бірақ олар тек тағамды клиентке жеткізумен айналысады. Мұндай мекемелердің жұмыс істеу уақыты шектеулі - 07:00-ден 20:00-ге дейін.

Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті қызметтердің жұмысы да тоқтамайды.

"Коронавирус инфекциясына қатысты іс-шаралар жүргізілетін денсаулық сақтау жүйесіндегі нысандар жұмыс істей береді, оның ішіне лабораториялық қызметтер де кіреді. Инфрақұрылым, тұрмысқа қажетті коммуналдық қызмет объектілері де жұмыс істейді, бұлар - энергетикалық компаниялар, сумен, жылумен, газбен жабдықтаумен айналысатын кәсіпорындар, өрт сөндіру қызметтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, шығарумен айналысатын кәсіпорындар, көшелерді тазалау қызметтері, дезинфекциялық іс-шаралармен, сондай-ақ, байланыс қызметімен айналысатын кәсіпорындар", - деді облыстың бас санитар дәрігері.

Сондай-ақ, Владимир Нечитайло тауар мен жүк тасымалдауға тыйым салынбайтынын айтты.

Еске салайық, Қостанай облысы 17 сәуір сағат 00.00-ден 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін карантинге жабылады.

Облыстың бас санитар дәрігері Владимир Нечитайлоның қаулысында карантин кезінде тұрғындардың басқа елді мекендерге бара алмайтыны, сондай-ақ, таксимен қатынауға тыйым салынатыны айтылады. 500 метр қашықта орналасқан дүкендерге ғана баруға болатыны айтылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети