Қостанай облысында бүгін қайтыс болған азамат 1949 жылы туған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысында бүгін қайтыс болған азамат 1949 жылы туған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингінде айтты.
"Қостанай облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған бірінші жағдай тіркелді. 1945 жылы туған ер адам және 1955 жылы туған әйел 12 сәуірде жедел жәрдеммен Жітіқара ауруханасына дене қызуы көтеріліп, әлсіздік және тыныс алуы нашарлау белгілерімен жеткізілді. Ауруханаға жатқызған кезде жағдайы орташа ауыр дәрежеде болды. Науқастың айтуынша, аурудың алғашқы белгілері 5 сәуірде білінген. Науқас дәрігерлерге жүгінбей, өзі емделген. Екі науқастың айтуынша, олар ауру белгілері бар адамдармен байланыста болмаған және Жітіқара қаласының аумағынан шықпаған. Лабораториялық тексеруден кейін екеуінен де COVID-19 расталды", - деді басқарма басшысы.
Кеше 1945 жылы туған науқастың жағдайы күрт нашарлаған.
"14 сәуірде сағат 18.30-да 1945 жылы туған науқастың жағдайы күрт нашарлады. Дене қызуы 39 градустан асты. Бүгін таңертең өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Жүрегі тоқтағаннан кейін реанимация жасалды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең 8.30-да науқас қайтыс болды. Қатынас жасаған тұлғалар анықталып жатыр. Екінші 1955 жылы туған науқас Жітіқара ауруханасының инфекциялық стационарында жатыр. Жағдайы - орташа ауыр дәрежеде", - деді ол.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирустан барлығы 15 адам қайтыс болды. Ал вирус жұқтырғандардың саны 1275-ке жетті. 203 адам сауықты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!