РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
09 июня 2020 | 11:01

"Көрсеткіштер өте жақсы". Үкімет басшысы экономикалық өсімі жоғары 4 өңірді мақтады

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин 5 айда экономикалық өсімі жоғары болған 4 өңірді мақтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин 5 айда экономикалық өсімі жоғары болған 4 өңірді мақтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін үкімет отырысында 5 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджетің атқарылуы талқыға салынды. Министрлер, Ұлттық банк төрағасы, облыс әкімдері Асқар Маминге есеп берді.

"Елімізде төтенше жағдайдың аяқталғанына 1 айға жуық уақыт өтті. Карантин режимі кезең-кезеңімен жеңілдетіліп жатыр. Қазіргі таңда экономикалық жағдай тұрақталып жатыр. Нақты сектор өсудің сенімді серпінін көрсетіп отыр. Тау-кен өнеркәсібінде 5,2 пайыз, өңдеуші салада 4,9 пайыз, оның ішінде машина жасау - 18,5 пайыз, фармацевтика - 21,2 пайыз, жеңіл өнеркәсіп - 10,8 пайыз, құрылыс материалдары өндірісінде - 12,3 пайызға өсу байқалды. Құрылыс көлемі 5,9 пайызға өсті", - деді үкімет басшысы.

Ол инвестициялардың өсу қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отырғанын әрі сауда балансының оң сальдосы қамтамасыз етілгенін атап өтті.

"Қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік қарқынды түрде қалпына келіп жатыр. Сауда саласы сәуірмен салыстырғанда мамыр айында 28,3 пайыз, көлік саласында 20,7 пайыз, халыққа қызмет көрсетуде 28,8 пайызға айтарлықтай өсімді байқалды", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы басты міндет - қысқа мерзімде экономикалық дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру екенін атап өтті.

"Оған экономиканы қолдау мақсатында қабылданған шұғыл шаралар және осы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға ықпал ету керек", - деді ол.

Осы орайда Асқар Мамин 5 айда экономикалық өсімі жоғары болған 4 өңірді мысалға келтірді.

"2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 4 өңірде негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың озық қарқыны қамтамасыз етілді. Ол - Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары. Мұндағы көрсеткіштер өте жақсы. Қалған 4 өңір: Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласының көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен", - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, ол 9 өңірде: Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 5 айдағы экономикалық өсім орташа деңгейде болғанын жеткізді.

"Өңірлер экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша барлық шараны белсенді түрде қабылдауы керек. Олар отандық өндірісті қолдауды, инвестиция тартуды, экспортты дамытуды, халықты жұмыспен қамтуды сақтауды және тұрақты жұмыс орнын құруды барынша қамтамасыз етуі қажет", - деді Асқар Мамин.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети