ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сентября 2020 | 17:51
Коронавирустың екінші толқыны. Қай сала мамандары жұмыссыз қалуы мүмкін?
Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда жұмыссыздарға төлем өсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Себебі, министрдің айтуынша, пандемияның екінші толқыны басталса 2 миллионнан аса қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі кадр агенттігінің өкілі Гүлмира Баетовадан мұндай жағдайда қай сала мамандары зардап шегуі мүмкін екенін білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда жұмыссыздарға төлем өсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Себебі, министрдің айтуынша, пандемияның екінші толқыны басталса 2 миллионнан аса қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі кадр агенттігінің өкілі Гүлмира Баетовадан мұндай жағдайда қай сала мамандары зардап шегуі мүмкін екенін білді.
Баетова агенттіктің зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, қаржы, құрылыс, жылжымайтын мүлік, туризм, қонақүй бизнесі, event салаларының қызметкерлерінің жұмысы коронавирустың екінші толқынында біраз тоқтап қалуы мүмкін деп отыр. Себебі пандемия жарияланған сәттен бастап осы сала мамандары көп зардап шекті дейді.
"Сәуір айынан бастап қаржы, құрылыс, туризм, жылжымайтын мүлік, қонақүй және мейрамхана бизнесі салаларының бірнеше маманы бірден жаппай қысқартуға ұшырады. Себебі оларға деген сұраныс болмады және бір кемшілігі олар онлайн жұмыс істей алмайды. Аталған салалардың қайсын алсаңыз да, онда қазір сұраныс жоқ. Үй-жай сатып алып жатқандар немесе шетелге ұшуды жоспарлап жатқандар әзірше аса көп емес", - дейді HR маманы.
Наурызда пандемия жарияланған кезде бастап салыстыратын болсақ, сарапшының айтуынша, қонақүй және мейрамхана бизнесі, туризм саласында бос жұмыс орындары айтарлықтай көбейген. Даяшыларға деген сұраныс соңғы 2-3 айда 4 есеге төмендеген дейді. Баетованың айтуынша, бұл салада жұмыс іздеушілерден түйіндемелер де түсіп жатқан жоқ.
Сондай-ақ, сарапшы пандемиядан кейін қай мамандықтарға сұраныс артуы мүмкін екеніне тоқталды. Баетова болашақта call-орталықтардың кеңесшілері, интернет-дүкендердің қызметкерлері, курьерлерге деген сұраныс жоғары болады деген болжамға келіп отыр.
"Коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін PR және SMM мамандары, сондай-ақ, контент менеджерлердің жалақысы көтерілуі мүмкін, өйткені әр кәсіпкер өз бизнесін, өз қызметін онлайн жетілдіруі керек", - дейді HR маманы.
Пандемияда жұмыстан шығып қалған жағдайда өтемақы талап етуге бола ма? Заңгер түсіндірді
Еске салайық, мамандардың болжамынша, Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қараша-желтоқсан айларында басталуы мүмкін. Бұл жедел респираторлық инфекциялар мен тұмаумен байланысты дейді сарапшылар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также