17 августа 2020 | 18:12

Коронавирустың беті қайтты ма? Күннің басты жаңалықтары

Бүгін елімізде карантин режимі жеңілдеді. Қазіргі уақытта 20 мыңнан аса қазақстандық коронавирус жұқтырып, аурудан емделіп жатыр. 82 мың адам аурудан айыққан. Tengrinews.kz тілшісі 17 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін елімізде карантин режимі жеңілдеді. Қазіргі уақытта 20 мыңнан аса қазақстандық коронавирус жұқтырып, аурудан емделіп жатыр. 82 мың адам аурудан айыққан. Tengrinews.kz тілшісі 17 тамыздағы басты жаңалықтарға шолу жасайды.  

103 мың науқастың 82 мыңы аурудан жазылған

Реклама
Реклама

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 337 адам тіркелді. Оның 172-сінде аурудың клиникалық белгілері жоқ.

Өңірлер бойынша (жалпы / асимптоматикалық)
Нұр-Сұлтан қаласы - 34 / 12
Алматы қаласы - 51 / 31
Шымкент қаласы - 4 / 2
Ақмола облысы - 24 / 15
Ақтөбе облысы - 2 / 2
Алматы облысы-5 / 2
Атырау облысы-10 / 6
Шығыс Қазақстан облысы-36 / 11
Жамбыл облысы-10 / 5
Батыс Қазақстан облысы-24 / 15
Қарағанды облысы - 37 / 14
Қостанай облысы - 19 / 10
Маңғыстау облысы - 14 / 14
Павлодар облысы-22 / 7
Солтүстік Қазақстан облысы-25 / 11
Түркістан облысы - 20 / 15

Осылайша, Қазақстанда барлығы 103 033 адамнан коронавирус табылған. Оның ішінде 82 777 науқас аурудан айықса, 1415 адам қайтыс болған. Яғни, елімізде 20 мыңнан аса адам әлі аурудан емделіп жатыр.

Ал 1 тамыздан бері 18 606 адамға COVID-19 белгілері бар пневмония диагнозы қойылған. Оның 218-і көз жұмған.


Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Карантин талаптары жеңілдеді

Бүгіннен бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдеді. Мемлекеттік комиссия өңірлер әкімдерінің ұсыныстарын, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволардың ұстанымын қарап, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітіп, бірқатар шешім қабылдады.

Енді сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істейді, бірақ бір келушіге 4 шаршы метрден аспауы тиіс. Бассейні жоқ фитнес-орталықтар, моншалар мен сауналар да ашылды. Ашық аттракциондар да қызметін қайта жалғастырды.

Мұның барлығы дерлік тек жұмыс күндері ашық тұрады. Ал демалыс күндері оның бәрі қайта жабылады.


© Тұрар Қазанғапов

Бірақ әлі көп салада тыйым сақталып тұр. Мысалы, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге болмайды. Барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фуд-корттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салынған.

Бассейндер, жағажайлар, музейлер әзірше ашылмайды.

Маман елімізде кинотеатрлар неге ашылмағанын түсіндірді

Бірнеше елмен әуе қатынасы ашылды

Бүгін тағы бірнеше елмен шекара ашылды. 17 тамыздан бастап тағы жеті елмен әуе рейстері жанданды. Енді қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларуське, Германияға, Нидерландыға, Мысырға, Украинаға және Ресейге ұшып бара алады.

Бірақ мұнда карантин режимін қатаң сақтау қажет. Яғни, әлеуметтік дистанция мен маска режимін сақтап, ПТР тестілеуден өту қажет. Ал Ресейге ұшу үшін сол ел тарапынан рұқсат талап етіледі.


Фото:elements.envato.com

Air Astana бүгіннен бастап Алматыдан Дубайға дейін тікелей рейсін ашты. Бірақ мұнда жоғарыда аталған сақтық шараларынан бөлек, тағы бір талап бар. Жолаушы Дубайдағы карантиндік талаптарды түсінетінін және оны сақтайтынын жазбаша түрде мойнына алуы қажет. БАӘ-ге жеткен кезде 48 сағат ішінде ПТР-тестілеуден өту қажет немесе 14 күн бойы оқшаулану керек. Алматыдан Дубайға қатынайтын ұшақтар дүйсенбі, сәрсенбі және сенбіде ұшады.

"Шекара ашылып жатыр". Қазақстандықтар қай елдерге бара алады?

Локдаун қайта енгізілуі мүмкін бе?

Күзде коронавирустың екінші толқыны болады деген болжам бар. Соған байланысты Қазақстанда карантин шаралары күшейіп, локдаун болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.

Оның айтуынша, елде вирус жұқтырғандар саны артса, тағы да карантин күшейтілуі мүмкін.

"Ол тек қана біздің қоғамның санитарлық ережелерді сақтауына байланысты. Осы ережелерді бұзатын болсақ, індетке шалдыққандардың саны өсетін болса, әрине, локдаун да, карантин де қайтадан енгізілуі мүмкін. Ол тек қана біздің қолымызда, қоғамның қолында. Санитарлық дәрігерлердің қойған ережелерін мүлт етпей орындау керек. Соған байланысты болып тұр бәрі", - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Қайтыс болғандардың қандай ілеспе ауруы болған?

Сонымен қатар, бүгін елімізде коронавирустан қайтыс болғандар туралы тың дерек шықты. Дәлірек айтқанда, Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясын жұқтырған қазақстандықтар қандай ілеспе аурулардан қайтыс болып жатқанын айтты.

Оның сөзінше, коронавирус жұқтырған науқастардың жартысынан көбі жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болған.

"Бұл ақпарат әлі жаңарған жоқ. 20 шілдеде коронавирустан емес, басқа аурулардан көз жұмған 319 тұрғын болды, бірақ олардың ағзасында инфекция болған. Жүрек-қан тамырлары ауруынан науқастардың 68 пайызы, онкологиядан 4,7 пайызы, жүйке жүйесіне байланысты аурулардан 3 пайызы қайтыс болды. 319 адамның бір пайызы ауыр жарақаттардан көз жұмды", - деді Қожахметов ОКҚ брифингінде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram