РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
12 марта 2020 | 13:22

Коронавирустан қорықпау керек - Тоғжанов

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ералы Тоғжанов. Фото: Тұрар Қазанғапов Ералы Тоғжанов. Фото: Тұрар Қазанғапов

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды коронавирустан қорықпауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды коронавирустан қорықпауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның пікірінше, қауіпті дерттен сақтанудың жолдарын қарастыру қажет.

"Коронавирус деген аурудан қорықпау керек. Одан сақтану жолдарын ойластыруымыз қажет. Сондықтан бұл жағдайды халық білуі керек. Осының бәрін айтқаннан кейін оны санадан өткізіп, әрбір азамат ойлануы шарт", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда үкімет басшысының орынбасары Қазақстанда коронавирустың тіркелмегеніне байланысты жеке пікірін білдірді.

"Қазір шамамен 120 мемлекетте коронавирус жүр. Қазақстанға байланысты көп сұрақ қойылды. Еліміз Қытаймен, Иранмен шекаралас. Міне, осы қабылданған шаралардың арқасында осы уақытқа дейін Қазақстанда аурудың белгісі анықталған жоқ. Мұны нақты қабылданған шаралардың арқасы деп қабылдау керек. Сондықтан оның бәрі жай әңгіме емес", - деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, ол қауіпті дерттің алдын алу үшін елімізде мамандар жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Бәрі оңай болып жатқан жоқ. Азаматтар күні-түні жұмыс жүргізіп жатыр. Қаншама елмен қарым-қатынасқа шектеу қойдық. Көлік қарым-қатынасын тоқтаттық. Оның бәрі жайдан-жай жүріп жатқан жоқ", - деп түйіндеді сөзін үкімет басшысының орынбасары.

Мұның алдында Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір аралағында каникул болатыны хабарланған.

"118 елге тарап, 120 мың адам жұқтырған". Коронавирус туралы дәл қазір не белгілі?

Кеше, 11 наурызда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған. 114 елде 126 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. Қаза болғандардың саны 4,6 мыңнан асты. Сонымен қатар, 68 мыңнан астам науқас аурудан толық емделді.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети