Қайтыс болған әйел 13-17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болған. Бұл туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы азаматы екіжақты өліміне пневмония, тыныс алу жолдарының тарылуы, қант диабеті себеп болды. Пневмонияға COVID-19 індеті себеп болды. Әйел 25 наурыз күні таңғы 7-де жедел жәрдеммен жеткізілді", - дейді ол.
Оның айтуынша, науқас алдын ала ЖРВИ деп танылып, коронавирусқа күдікті болған. Бірден Целиноград ауданы №2 Көпбейінді облыстық аурухананың жансақтау бөліміне оқшау жатқызылған.
"Туыстарының айтуынша, ЖРВИ, КВИ жұқтырғандармен байланыс жасамаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болған. Науқаспен байланыс жасағандар анықталды, оқшауланды, КВИ анализдері алынды. 26 наурызда Ақмола облысында коронавирус індетін жұқтырған бірінші жағдай тіркелген болатын", - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, кеше Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғаны хабарланған.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 121-ге жетті.