РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 апреля 2020 | 16:00

Коронавируспен өмір сүретінімізді түсінуіміз керек - Есмағамбетова

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Xinhua Фото: Xinhua

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға қауіпті індетті жұқтырмау үшін санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға қауіпті індетті жұқтырмау үшін санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қалалардағы объектілер біртіндеп жұмысын бастайды. Бірақ олар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауы керек.

"Бұл - негізгі талап. Біз карантин болмаған күннің өзінде коронавируспен өмір сүретінімізді түсінуіміз керек. Ол маусымдық ауру кезеңіне өтеді. 2009 жылы құс тұмауы болған кезде жағдай осыған ұқсас болған. Қазіргі таңда бұл ауру жыл сайын тіркеледі. Сондықтан коронавирус инфекциясы осыған ұқсас болады. Біз осыған үйреніп, өмір сүруіміз керек. Яғни сақтық шараларын сақтап, індеттен қорғануды үйрену қажет", - деді Айжан Есмағамбетова. 

Соңғы аптада елімізде COVID-19 жұқтыру жағдайы азайды - бас санитар

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 3078-ге жетті. 774 науқас аурудан жазылды, 25 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети