РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
18 марта 2020 | 13:17

Коронавирусқа байланысты маңызды 10 сұрақтың жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар Ухандағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған еді. Бүгінде вирус әлемнің 150-ден аса еліне тарап үлгерді. Бірі вирустан сарымсақ жеп қорғану керек десе, енді бірі тек маска тағу қажет дейді. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын ұсынады. 


Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар Ухандағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған еді. Бүгінде вирус әлемнің 150-ден аса еліне тарап үлгерді. Бірі вирустан сарымсақ жеп қорғану керек десе, енді бірі тек маска тағу қажет дейді. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын ұсынады. 

Айта кетейік, ақпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтынын алынды. 

Алғашқы белгілері қандай?

COVID‑19 кеңінен тараған белгілері - дене қызуының көтерілуі, үнемі шаршаңқы жүру және құрғақ жөтел. Кей науқастарда түрлі ауырсыну, мұрынның бітелуі, тұмау, фарингит (жұтқыншақтың қабынуы) және диарея белгілері арқылы анықталады. Жалпы бұл белгілер біртіндеп қана пайда болады. Вирусты жұқтырған адамдарда қандай да бір белгі не жағдайының нашарлауы сезілмеуі мүмкін. 

Көп жағдайда (80 пайыз) вирусты жұқтырған адам жазылып кетеді. Ол үшін арнайы емдеу шарасы да қажет болмайды. 

Вирусты көбіне кімдер жұқтырады?

Егде жастағы адамдарда, сондай-ақ соматикалық аурулармен ауыратын адамдарда, мысалы, артериялық гипертензия, жүрек аурулары немесе диабет, ауру кезеңі ауыр өтуі мүмкін. Дене қызуы, жөтел және тыныс алу қиындаған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгіну керек. 

Вирус қалай тарайды?

Коронавирустың жаңа түрін вирусты жұқтырған адамдар таратады. Яғни, ауру адам жөтелгенде не түшкіргенде мұрыннан не ауыздан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы тарайды. Ауыз қуысынан тараған ұсақ тамшылар айналадағы заттарға жұғады да, басқа адамдар сол заттарды ұстап, артынша көзін, мұрнын және аузын ұстаған кезде жұқтыруы мүмкін. Сондықтан коронавирус жұқтырған адамнан 1 метр алшақ жүрген дұрыс. 

Өзіңізді қорғау шаралары және вирустың таралмауына жол бермеу жолдары қандай?

Қытайдың және коронавирус тіркелген басқа елдерде вирустың тарауы әлдеқайда бәсеңдеген. Алайда жағдайдың қалай ушығатыны әлі де белгісіз. Сондықтан вирус туралы соңғы ресми ақпараттардан хабардар болып, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау керек. 

  • Қолыңызды құрамында спирт бар құралдармен немесе сабынмен мұқият жуыңыз. Себебі қолыңызда вирус болса спирт пен сабын оның көзін жоюға ықпал етеді;
  • Үнемі түшкіріп не жөтеле беретін адамнан алшақ жүруге тырысыңыз;
  • Қолыңызбен көзіңізді, мұрныңызды не аузыңызды ұстамаңыз. Себебі осы арқылы вирус ағзаға еніп, ауру тудыруы мүмкін;
  • Сыртта жүрген кезде қарапайым гигиена ережелерін сақтаңыз: түшкіргенде не жөтелгенде қағаз майлықтарды (салфетка) қолданыңыз. Қолданылған майлықты бірден тастау керек;
  • Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз үйде қалғаныңыз жөн. Дене қызуыңыз көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болған кезде медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіну керек. Жергілікті денсаулық сақтау органдарының нұсқаулығын қарап жүріңіз.

Как приготовить антисептик дома

Антибиотиктер инфекцияның алдын алуға және емделуге көмектесе ме?

Жоқ. Антибиотиктер вирусқа қарсы әсер етпейді, олар тек бактерияға қарсы әсер етуі мүмкін. COVID‑19 вирус түріне жататындықтан, антибиотиктердің әсер етпейді. Коронавирустың жаңа түрін емдеу үшін антибиотиктерді қолданудың қажеті жоқ. Олар қолдануға тек бактериялық инфекцияны емдеу үшін дәрігердің тағайындауы бойынша беріледі.

Вирустан қорғану үшін медициналық маска киген дұрыс па?

Масканы вирусты жұқтырған кезде не коронавирусты жұқтырған адамға күтім жасайтын болсаңыз ғана қолданған дұрыс. Бір реттік маскаларды бірнеше рет қолдануға болмайды. Егер сізде ауру белгілері болмаса масканы тағудың пайдасы жоқ. Бүгінде медициналық маска әлем бойынша тапшы. Сондықтан масканы тек қажет жағдайда таққан дұрыс.  

Медициналық масканы қалай қолдану керек?

  1. Медициналық масканы вирусты жұқтырған адамдарға күтім жасайтын дәрігерлердің қолданғаны дұрыс. 
  2. Масканы тағардан бұрын қолыңызды тазалап жуып не құрамында спирт бар құралмен дезинфекция жасаңыз. 
  3. Маскада метал тіреуіш болады. Масканы тағарда сол метал тіреуішті жоғары қаратып тағып, мұрынның формасына келтіру керек. 
  4. Масканы біраз уақыт қолданғаннан кейін бірден тастаңыз және қолыңызды қайтадан тазалаңыз.  

Маса шаққан жағдайда коронавирус жұғуы мүмкін бе?

Коронавирустың жаңа түрі - негізінен ауа-тамшы жолымен берілетін тыныс жолдары арқылы тарайтын вирус. Қазіргі уақытта вирустың масалардың шағуы арқылы берілгені туралы ақпарат тіркелмеді. 

Вирус үй жануарларынан жұғуы мүмкін бе?

Гонконгте бір ит коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. Бірақ ит, мысық не басқа да үй жануарынан коронавирус жұқтырған адам әзірге тіркелмеген. 

Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырды?

Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі алғаш рет 13 наурызда хабарланған. Басында екі адамнан вирус табылды деген, кейін оның саны артты. 14 наурызда - 2 адам, 15 наурызда - 2 адам, 16 наурызда - 2 адам, 17 наурызда - бірден 23 адам, 18 наурыз түске дейін - 2 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Коронавирус жұқтырған - 35 қазақстандық, Алматыда - 17, Нұр-Сұлтанда - 18.

Қазақстандағы коронавирус жұқтырған 35 адам туралы не белгілі?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети